РефератыҚазақша
Адам — ата мен хауа — ана
≈ 2 мин чтения

Ғаламның жаратылысы туралы космостық мифтер бізге дүниенің хаостан немесе бос кеңістіктен туындағаны туралы, оның форма мен мәнге ие болғаны туралы баяндайтын болса да, біздің оз туған сәтімізде біз дайын анықтамаға келе қояр рет жосықтан анық жұрдай тылсым ғаламға енеміз. Дүниеге келген дәл сол мезетте біздің абдыраушылығымыз бен дүдәмалдығымызға шексіз көп себеп пайда болады. Біз қарамақарсы әрі тартысты күштермен де, сондайақ, бірінбірі өзара толықтырушы әрі өзара тәуелді күштермен де ұшырасамыз. Біз тіпті өз пиғыл ниеттеріміздің де жасампаз болумен бірге, жойымпаз да бола алатынына көз жеткізіп жатамыз. Біз үнемі қарамақарсылықтармен, өмір мен өлім, көк пен жер, күн мен түн, аналық пен аталық, өткен мен болашақ, біздің ішіміздегі мен оған керағардың ойынымен бетпе бет келеміз. Бізді шүбәсіз болатын қарамақарсылықты жұптар ғана емес, сонымен бірге, олардың шексіз көрінер қиюластық амалдары да абдыраушылыққа әкеледі. Міне, сол кезде біздің осынау қарамақарсылықтардың айлалы шытырман қиюластығымен келісімге келуден және оларға талғампаздықпен қараудан басқа амалымыз қалмайды. АдамАта мен Хауа анаға мейірім мен зұлымдықты тану ағашынан жеміс татып көруге тыйым салынған (11суретті қара). Әйтсе де, олар бүл тыйымды бұзбай қоя алмайды, әйтпесе, адамзаттық жобада өмір болмас еді. Сондықтан да, «Құдай Адам ата мен Хауа ананы жауапқа шақырады. Адам ата мен ағаш Хауанаға нұсқайды, ал Хауа ана, өз кезегінде, жыланға нұсқайды». Есіктің қола нақысының жұрнағы. Германия, 1015 ж. Гильдесхайм соборы. олар тыйым салынған жемісті жейді. Бұл жайт әлбетте, нәтижесінде адам абсолютті дәлдікпен мейірімді зұлымдықтан айыруға қабілетті немесе ол жаңсақтықпен өзінөзі Құдай деп санай алады дегенді, тіптен, білдірмесе керек. Десе де, біз берісі, түңғыш рет көзімізді аштық, қандай қиын болмасын, өмір жолына түстік. Жұмақтан қуылу шүбәсіз болған жайтқа қарамастан, Жаңғырған заң кітабында (1:39) адамға күнә салдарын өзгертуге мүмкіндік беретін құдайдың рақымшылыққа тола серті бар: «Сендер жауға жем болады деген балаларың, бұдан былай не мейірімді, не зұлымдықты білмейтін ұлдарың, олар сонда [Жерұйық мекенге] кіреді, оларға соны беремін, олар оны иеленеді». Күні бүгінге дейін ешкім таба алмаған Жоғалған Жұмақ пен Жерұйық Мекен сол бір ғана бәрінен басым трагедиялық идеяның екі қыры болып шығу мүмкін болса да, оның негізгі тақырыптарының әрқайсысы біздің өмірге және Кемелдікке пнициациямыздың табиғатына қатысты маңызды ой ескертпе болып табылады. Бұл жағдайда да, сондайақ, басқа жағдайда да біз барлық қайғы қасіретті қайыспай көтеріп, біздің терең әрі аяныш мұңға тола адамдық тегімізге жетуге тиіспіз. «Космогониялық мифтен адам хаоспен жаратылыс жайында біліп, хаос пен жаратылыс оның өз ішінде болатынын ұғынады, бірақ, ол бұл екі құрамдас бөлікті бірге көрмейді; ол Люцифер туралы тыңдайды да, оны өз басының өмірінде елемеуге тырысады. Оған құтқаратын өткел қажет «.