РефератыҚазақша
Дәстүр дегеніміз не? Дәстүр туралы
≈ 6 мин чтения

Дәстүр туралы, дәстүрлі ілімдер немесе тұжырымдамалар туралы және, тіпті, дәстүрлі тілдер туралы әр қилы ойпайымдарды мейлінше жиі естуге немесе оқуға тура келеді де, оқушы бұл ойпайымдарды Шығыстың рухани мәдениетінің ең маңызды және мәнді белгілерін сипаттауға кезкелген әрекеттенушілікпен танысу барысында шүбәсіз дерлік ұшыратады; дегенмен, сөздің қатаң мағынасындағы, дәстүр дегеніміз не? Ықтимал түсінбеушіліктің алдын алу үшін, басынанақ айтайық, біз «дәстүр» сөзін кейде Батыстың діни ойпікірі «дәстүр» қашан да тек ауызша берілу нысаны болғанмыс деген мәнде жазба сөзіне қарсы қойып, оған үстейтін тар мағынада қолданбаймыз. Керісінше, біз үшін дәстүр, сөздің ең жалпы мағынасында, бастапқыда ол әрқашан дерлік ауызша болып табылатын болса да, жазбаша да, сондайақ, ауызша да бола алады. Қалай болғанда да, бұл күнде дәстүр, формасы бойынша діни немесе қандай да бір өзгеше болғандығынан, дәйім бойында екі бірін бірі толықтыратын — жазбаша және ауызша — тармақты тұтады, сөйтіп, біз еш жалтақсыз «дәстүрлі жазба» жайында сөз етеміз, бұл «дәстүр» сөзін тек тым тар һәм арнайы мағынасында қолданатындарға айқын қайшылық көрінері аян; бұған қоса, этимологиялық тұрғыда «дәстүр» сөзі әлдебір тәсілмен «берілетін» жай ғана қандай да бір затты білдіреді. Осыған қоса, «дәстүр» ұғымының мазмұнына, екіншілікті және туынды болса да, өйткенмен, бұл ұғым туралы тиянақты түсінік құру үшін өте маңызды элементтер ретінде, принципі әлдебір дәстүрлі ілімде жататын тұтас бірқатар түрлі институттар мен ұйымдарды қосу қажет. Осылайша қарастырылатын дәстүр әлдекімге мазмұны бойынша, кейбір әлеуметтанушылардың сөзіне сәйкес, «белгілі бір уақыт бойына қандай да бір адамдар тобына ортақ технологиялар, ұйымдар және нанымдар жиынтығы» түсінігін тұтатын өркениет ұғымымен сәйкесетіндей көрінуі мүмкін, бірақ, берілген анықтама қаншалықты дәл болып табылады? Шынын айтқанда, біз өркениет қашан да не тым кең, не тым тар болып келетін мұндай тектес формуламен анықталады деп мүлде ойламаймыз, сондықтан да, не барлық өркениеттерге тән сипат белгілер бұндай анықтамада түсіп қалады, не, керісінше, ол тек қандай да бір жекелей алынған өркениетке тән белгілерге құрылатын болады деген қауіп ұдайы туындайды. Осылай, берілген анықтамада да кез келген өркениетте ұшыратуға болатын және оз бойына «қоршаған дүниені өзгертуге арналған практикалық әрекеттер түрлерін» тұтушы «технологиялар» категориясына сыйдыруға болмайтын әлдене болып танылатын мәнді интеллектуалды элемент назарға алынбайды; екінші жағынан, сол бір әлеуметтанушылар, бұл ретте, берілген сөзді оның «дағдылы мағынасында» алу керектігін қоса, «нанымдар» туралы айтқанда, бұл жағдайда, шынтуайтында кейбір өркениеттерге ғана тән және, содан да, олардан тыс ұшыратылуы мүмкін емес діни көзқарастың болуы алдынала ұйғарылатыны айқын.
Осы тектес қиындықтардың алдыналу үшін де, біз әуелі өркениетті аздыкөпті қалың адамдар тобына ортақ белгілі бір менталдылық өнімі ретінде қарапайым сипаттаумен қанағаттанар едік және бұл бізге оны құрайтын элементтердің нақты анықтамасына қатысты әрбір ерекше жағдайды жеке қарастыруға мүмкіндік берер еді. Кез келген жағдайда дәстүрді тұтастай өркениетпен теңдестіру Шығыс туралы сөз болғанда ғана әбден негізді болып табылады, себебі, бүтіндей алғандағы Шығыстың кез келген өркениеті сипаты бойынша дәстүрлі ретінде қарастырыла алады. Батыс өркениетіне қатысты келер болсақ, ол, керісінше, байланысты әлі де болса тек ең болымсыз дәрежеде сақтап отырған діни элемент есептемегенде, дәстүрмен байланысын, толық деуге болардай, жоғалтты. Дәстүрлі ретінде қарастырылатын қоғамдық институттар өз тіршілігінің принципімен метафизикалық, діни немесе қандай да бір басқа сипатқа иелігінен тыс, сондай ақ, дәстүрлі болып табылатын, белгілі бір доктриналармен тиімді байланысқан болуы тиіс. Басқаша айтқанда, түпкілікті табиғатына қатысты, өз кезегінде, қашан да интеллектуалды рет жосықты болып табылатын доктринаға аздыкөпті тікелей, бірақ, дәйім саналы түрде ұғынылатын тәуелділікпен өз тіршілігін ақтай алатын институттар дәстүрлі болып шығады; алайда, бұл интеллектуалдылықтың өзі метафизикалық доктриналар жайында сөз болғанда таза күйінде де, дәстүрлі доктринаның құрамына сіңісіп кеткен дінмен я басқа да ерекше формалармен болғанындай, алуан текті элементтермен аралас та ұшыраса алады. Осылай, мысалы, біз Исламда дәстүр екі түрлі аспектіде болатынын көреміз, оның бірі діни болып табылады және бұл дәл сол қоғамдық институттардың бар жиынтығы тәуелділікте болатын аспект. Оның қасында, таза шығыстық деп атауға болатын екінші аспект толықтай метафизикалық болып шығады. Қандай да бір мөлшерде осындай әлдене арабтардың ықпалы әжептәуір дәрежеде аңдалатын схоластар ілімі жағдайында ортағасырлық Еуропада да болған; бірақ, бұл үйлестік бізді аса әріге алып кетпес үшін, бұл жерде метафизика теологиядан, басқаша айтқанда — өзінің діни ойпікір саласындағы арнайы қолданысынан — ешқашан жеткілікті анық ажыратылмағандығын бірден қосқан жөн; бұған қоса, тіпті, шынайы метафизиканың, осы жерде аңдалуы мүмкін бөлігі қашан да толық емес әрі, сірә, тұтастай Батыстың күллі интеллектуалды мәдениетіне тән белгілі бір шектеулермен шарттастырылған болып табылады; еш шүбәсіз, бұл екі кемшілікті еуропалықтарға гректер мен ежелгі еврейлерден бір мезгілде қалған қайшылықты мұра нәтижесі ретінде қарастырған жөн. Үндістанда өз мәнінде таза метафизикалық болып табылатын дәстүрмен бетпебет келеміз; онымен, өзінің тармақтары ретінде, осы таза метафизиканы не доктринаның өзінің кейбір туынды және қосалқы салаларына, айталық, космологияға, не ғарыштық және адами тіршілік деңгейлерін байланыстыратын үйлестікке тікелей сүйене отырып басқарылатын қоғамдық ретжосық саласына қолданудың түрлі тәсілдері байланысқан.
Ислам дәстүріне қарағанда, мұнда едәуір айқын бола түсетіні сол — діни көзқарастың және кез келген дін қажеттілікпен діттейтін интеллектуалдылықтан тыс элементтердің толық жоқ болатындығы, сонымен бірге, шындықтың кез келген жекелеген деңгейінің метафизикаға қатысты, яғни, әмбебап принциптер патшалығына қатысты толық бағыныштылығы. Қытайда біз, бір жағынан, метафизикалық дәстүр мен, екінші жағынан, әлеуметтік дәстүр арасында айқын шекара қалай өтетінін көреміз және бір қарағанда, олар алуан айырмашылықты ғана емес, тіпті, бірбірінен мүлде тәуелсіз дәстүрлер болып көрінеді, оның үстіне, метафизикалық дәстүр үнемі дерлік интеллектуалды таңдаудың үлесі болып қалады, бұл ретте, әлеуметтік дәстүр, табиғатына орай, айырмасыз баршасын байланыстырады және тиімді түрде қатысуын баршасынан тең дәрежеде талап етеді. Оның үстіне, есте ұстау қажет «Даосизм» формасында берілген метафизикалық дәстүр «ИЦзин» кітабында тұжырылған неғұрлым ертеректегі дәстүр принциптерінің дамуы болып табылады және дәл осы әу бастағы дәстүрден «конфуцийшілдік» атауымен көбірек таныс қоғамдық институттардың күллі жиынтығы өз бастауын алады және бұл метафизиканың тіршіліктің кейбір шектеулі өрісіне қолданысы болып шытады. Осылайша, қиыр шығыстық өркениеттің екі маңызды аспектісінің мәнді бірлігі қалпына келтіріліп, олардың ақиқи байланысы айқындала алады; бірақ, егер олардың ортақ бастаумен, яғни, сонау Фу Си заманында рәсімделген идеографиялық бейнесі елу ғасыр бойына жуық өзгеріссіз қалған әу бастағы дәстүрмен байланысын барлау мүмкін болмағанда, бұл бірлік сөзсіз дерлік назардан жіберіп алынған болар еді. Енді біз мейлінше жалпы шолуымызды дәстүрдің дін сияқты ерекше формасының не екенін неғұрлым егжейтегжейлі зерттеумен жалғастыруға тиіспіз және біз, сондайақ, таза метафизикалық оймашықты теологиялық оймашықтан, яғни, діни тұжырымдамалардан қалайша ажыратуға болатынын, сонымен қатар, метафизика Батыста кеңінен пайдаланылатын мағынасындағы философиялық оймашықтан несімен өзгешеленетінін түсіндіруіміз керек. Дәл осы іргелі өзгешеліктерден біз, қазіргі батыстық адамның интеллект туралы әр қилы, көбінше жалған түсініктерінен айырмасы, Шығыстың интеллектуалды мәдениетінің маңызды мінездемелерін аңдаймыз.