РефератыҚазақша
ЕСКІ ПРОГРАМНЫҢ КЕМШІЛІГІ
≈ 1 мин чтения

Ескі програмның кемшілігі: қай адамның өміріне түрліше керексіз, пайдасыз, қысыр біліммен баланың басын қатыратын. б) Мектеп бүгінгі қолмақол өмірді, тұрмысты, саясатты оқытпай, баланың күндегі көріпбіліп жүрген, қызық көретін нәрсесін үйретпей, алда қашанғы өткенді, тарихты, алыстағы елдерді, жерлерді жаттатып, кітаптан оқытып, заманнан алыстататын. с) Баланың өз бетімен білім, өнер табуына бөгет болатын жасықтыққа, қорқақтыққа үйрететін. Діншілдікті, құдайшылықты, бағынғыштықты көкірегіне орнатуға тырысатын. ж) Пәндердің біріменбірі байланыспайтын, жазылса үйлеспейтін, үйлеспек тұрсын бірінебірі қайшы кеп, бірінің шын дегенін, бірі өтірік мансұқ қып отыратын. Мысалы: дін сабағында… «жер мен көкті» Құдай алты күнде жаратыпты. Күн күркірегенде періште шайтанды атады – деп үйретсе, ғылым (пән) сабағында жердің пайда болуына пәлен мыңдап, миллиондап жылдар өткеніне, күн күркіреу, найзағай ауаның қозғалысы, электр ұшқыны екеніне тәжірибе арқылы баланың көзі жететін. Бұл қайшы келген емей, немене? Міне, ескі програмның тағы сондай кемшіліктері көп еді.