РефератыҚазақша
Ежелгі дүние кезең өнері
≈ 1 мин чтения

Алғашқы қауымдық кезең өнерінің дамуының соңына қарай сәулет пен мүсін өнері монументальды композицияда дамыды. Ежелгі дүние кезең өнері алғаш рет, барлық формалардың синтезіділігі мен аяқталған, бүтін бір идеяға бағытталған бірлікке жетті. Рулыққоғамдықтың орнына келген құл иеленушілік қоғам, болашақта өндірістік күш пен мәдениеттің дамуына жағдай тудырды. Еңбектің, ауыр және ой еңбегіне бөлінуі түрлі рухани шығармашылық формалары мен өнердің дамуына жағдай жасады. Дегенен, мифологиялық ойсанада құрылған өнер, көркем өнердің тамыры ұлттықты сақтап қалды. Алғашқы қауымдық кезең адамы магиялық күштер мен жерлеу рәсімін салтанатты ұйымдастырды. Жерлеуге арналған төбелерді мазарлар, палаткаларды – сарайлар, тасқа қашалған магиялық суреттерді – ғибадатханалардың қабырғаларын безендіретін циклды бейнелермен алмастырады; олар ертедегі адамдардың өмірін үлкен қызығушылықпен баяндап жеткізді, халық аңызәңгімелерін, мифтерін тасқа қашап бедерлеп, тарихта таңбаларын қалдырды. Қарапайым рәсімдерге арналған мүсіндерді монументальды, кейде тіпті алып мүсіндер мен рельефтерге айналдырды. Осылай бейнелеу өнерінің түрлерінің даму тарихы пайда болды: олар сәулет, мүсін, кескіндеме, қол өнері. Бұл өнердің түрлері бірбірімен тығыз байланыста дамыды. Өнердегі синтез – ежелгі дүние мәдениетіндегі ең маңыздысы болып қалыптасты. Діни сенім бойынша жануарларға деген сенім аяқталып, адамға ұқсас құдай туралы неғұрлым жоғары түсінікке өту үрдісі жүреді. Жалпы ежелгі дүниелік қоғамның құрылуына екі форма тән: біріншісі шығыс, екіншісі – антикалық құл иеленушілік.