РефератыҚазақша
ХХ ҒАСЫРДЫҢ 60-70 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ЛИРИКАСЫ
≈ 16 мин чтения

1960-70 жылдар – Қазақтың қазіргі заман поэзиясына жаңа есімдерді алып келумен қатар, рухани және әлеуметтік өміріміздің, қоғамымыздың кезеңге лайық шындығын ашуда, поэтикалық формалар /түрді/ мен образды, бейнелеу құралдарын барынша терең тамырлы дамытуда, қазақ әдебиеті үшін жаңа бір күрделі кезең болды. Позиядағы айтарлықтай жаңа бір құбылысқа айналды. Ұлы М.Әуезов сөзімен айтқанда жыл келгендей жаңалық сездіре келген Т.Молдағалиев, С.Жиенбаев, Қ.Мырзалиев, М.Мақатаев, Ж.Нәжімеденов, Т.Айбергенов, М.Шаханов, т.б. ақындар әдебиет есігін өзіндік үнімен, өзіне лайық даусымен батыл еніп, еркін ашты. Бұл арада 70 жылдан астам уақыт өз өктемдігін жүргізіп келген Кеңестік жүйенің әдебиетіміздің өсу процесіне кері ықпал тигізген әсерін айтып өтпеуге болмайды: Біріншіден, бес ғасырлық ғұмыры бар қазақ әдебиетінің алтын қоры, бай қазынасы – фольклордың, ауыз әдебиетінің дәстүрі жалғасын таппай дағдарысқа ұшырады. Екіншіден, Қазан төңкерісінен кейін, көп ұзамай: «Революцияны жақтайсың ба, жоқ оған қарсысың ба?» деген жалауды көтеріп, оған нақты жауап іздеді де, идеялық мазмұнына, әрі шығармашылығына қарай төрт топқа бөлінді. Біріншісі – Кеңес үкіметіне сеніп, қолына қалам да, қару да алып күрескен Сәкен Сейфуллин, Баймағанбет Ізтөлин т.б. ақындар тобы. Екіншісі – бұл дүниенің болашағына барлай қарап, баянына үлкен ой көзімен қараған Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов т.б. ақындардың жұлдызды шоғыры. Үшіншісі – әдебиетке демократтық бағыт ұстаған нағыз бұқарашыл ақындар – Сәбит Дөнентаев, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров. Төртіншісі – еңбекші бұқара, халық арасынан шыққан ел ақындары – Жамбыл Жабаев, Иса Байзақов, Нұрпейіс Байғанин, Нартай Бекежанов т.б. тегеурінді талант иелері. 19371936 жылдардағы репрессиядан М.Жұмабаев тұрғыластарының поэзиясы кейінгі ұрпаққа беймәлімдеу болып келді. Лириканың алтын жібінің арқауы үзілді де, поэзияның табиғи арналы ағысына, дамуына кері ықпалын тигізіп, орасан зор залал жасалды. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин поэзиясы да өктемдік қамалына тірелді. Үшіншіден, заман мен қоғам ағымына байланысты жалаң үгітнасихаттық поэзияға жол берілді де, адам жанының лирикалары уақытпен үндеспейді дегенге дейін барды. Төртіншіден, жеке басқа табынушылыққа байланысты басқа елдермен қатар, қазақ лирикасы өзінің табиғи дамуына жол аша алмады. Төрт түрлі себепсалдары бар, әлеуметтік жағдайдың салдарынан 30шы жылдардан 60 шы жылдар аралығы қазақ лирикасының дамуына қолайсыз болғаны анық. Міне осындай сәтте, 1956 жылы /30.06./ «Жеке адамға табынушылық және оның зардаптарын жою туралы» қаулы жарық көрді де, әдебиет пен өнерде жаңа бір бағыт белең алды. Бұрынғыдай әрбір көркем шығармада міндетті түрде аталатын – Сталин есімінен біртіндеп арыла бастап, шығармашылықта еркіндік, біршама көзқарас бостандығы қалыптаса бастады, ой өрнегінің табиғилығы ірге тепті. Бұл кезең – 60жылдардың басы еді. Әсіресе, бұрын тұсаулы аттай ғұмырды басынан кешірген поэзияның шоқтықты жанры – лирикаға қанат біте бастады. Жаңадан қуат ала бастаған лирика қазақ әдебиетінің көгіне самғап ұшып, көктемде оралған құстай өз айдынына қонып, аққу қанатын қомдай жүзді. Жалпы лирика туралы анықтаманы көп келтіруге болады. Түп тамыры лириканың ертедегі гректердің музыка аспабы деген ұғымды беретін болса, ауыспалы мағынасында ақындық шабытқа да баланады. Лиризм сыршылдық сипатты танытса, екінші бір мағынасында сыршылдық күйге түсуді, сыршылдық сезімге берілуді сипаттайды. Лирик деп сыршыл ақынды атасақ, лирика деп ақынның өзінің, жан сезімін білдіретін шығарма түріне баласақ, екіншіден, лирика деп лирикалық шығармалардың сипатын да жатқызамыз. «6070 жылдардағы қазақ лирикасы» деп тақырып бекітіп, қалам алуымыз да тегін емес. Бұрын жекебасқа табынушылық, үгітнасихат, ұраншылдық кезеңді басынан кешкен қазақ әдебиеті, қолтығы созылып, бұл жылдары шынайы лирикаға ден қойды. Грек сөзі Лирикада көркем әдебиет тегінің бірі ретінде, ақынның дүниеге арақатысы, өмірге көзқарасы, толқынды көңіл күйін, терең тынысты сезімін, іңкәр жүрегін кең полотнода суреттеу, образды бейнелеу арқылы көрсетіледі десек те, кез келген серілік пен әсер лирика тудыра бермейтіндігін де ескергеніміз мақұл. Ақынның өзі өмір сүрген әлеуметтік мәні бар, адамгершілікке, гуманизмге толы, философиялық толғаныстар қоғамдық көзқарастар, халықтық махаббатқа тұнған сезім өрнектері – лирика деген құдіретті қасиетке ие болады. Әлем әдебиетіндегі ұлы лириктер деп, туған халқымыздың Абай мен Мағжан ақынын алдымен ауызға алсақ, артық айтқандық емес. Мағжан Жұмабаев барша түрік әлемінің көңіл күмбезін көкке көтерерлік ақын. Ұлы Абайдың философиялық лирикасы да күллі әлемдік деңгейге биіктеген лирика. Грецияның Сапфо, Римнің Овидии, Италияның Петрарка, Иранның Хафиз, ағылшынның Байрон, немістің Гете, Гейне, француздың Ронсар, орыстардың Пушкин мен Есенинін еске ала отырып, қазақ ақындарының оның ішінде лириктерінің дүниежүзілік аренадағы деңгейі тең болмаса, аласа емес екенін айғақтайтын туындылар, әрине, баршылық. Бірақ, Кеңес өкіметінің тоталитарлық режимі лирика жанрының нәзік жанына ауыр жарасын салды. 19371938 жылдан соңақ, қазақ лирикасы үнсіздік күй кешті. Одан ұлы деп аталатын Отан соғысы да, лирика жанрының тілін күрмеді. Дей тұрсақ та, ел халық арасында хатпен жазылған лирикалық жырлар шаң беріп қалса да, кәсіби деңгейге көтеріле алмады. Соғыстан кейін, халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарындағы қоғамдық көзқарас лирикаға бүйрегін бұра қойған жоқ. Тек, аратұра ақындық қуаттың аласұрған сезімінен туындаған Қ.Аманжолов, Ә.Тәжібаев, Ғ.Орманов шығармаларында көрініс беріп қалатын. Бірақ олар қоғам талабына орай, партиялық өктем тапсырмаларды қатар орындау арқасында қол жеткізді. Бір жола Мағжанға ден қою, ол кездер үшін оғаштық болып көрінетін. Бұл дерт 50ші жылдарды түгелдей меңдеді. Ал, 60шы жылдардың басынан бастап, лирикаға жан бітті. Қазақ поэзиясының туған топырағына алғашқы дәндер де жемісін берді. Қаулап өскен 60шы жылдар жас ақындары өздерінің «Мені» лирикалық геройларымен, лирикалық тұлғаларымен келді. Олар Тұманбай Молдағалиев, Сағи Жиенбаев, Қадыр Мырзалиев, Мұқағали Мақатаев, Жұмекен Нәжімеденов, Төлеген Айбергенов, сәл кейіндеу үн қосқан Мұхтар Шаханов еді. Лирикада суреткердің, ақынның «мені» азаматтық менге айналып, халықтың көкейкесті ойларына ұласады. Әрбір оқырман лириканы оқып отырып өзі жазғандай сезінсе, немесе, сол көңіл күй өз жүрегімен үндессе, лирикалық туындының діттеген биігінен көрінгені. Лиризм, ойшылдық және психологизмнің ұштаса көрінуі де 60шы, 70ші жылдар поэзиясының еншісіне тиген жетістік. Адамның сыртқы пішінінен ішкі жан дүниесіне ену, оның сыры мен сезімін қоса қабат ашу өріс алды. XX ғасырдың басында Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев поэзияларында лирикалық толғаныс әлеуметтік мәнге ие болса, төңкерісшіл рухтағы ақын С.Сейфуллиннен бастап, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Мұқанов, Б.Ізтөлин, Ш.Иманбаеваның лирикалы жырлары уақыт талабына үндесті. Одан кейінгі А.Тоқмағанбетовтың «Бәтиманың хаты», /1928/,Ә.Тәжібаевтың «Сырдариясы» /1936/, Ғ.Ормановтың «Қараймын да асығамын» өлеңі /1930/, М.Хакімжанованың «Азбай күткен жар – алтыны» /1944/, Ә.Сәрсенбаевтың «Ақша бұлты» /1943/», «Сен құрметте оны» /1945/, Ж.Саинның «Есімде Айдар өзені» /1947/, Қ.Аманжоловтың «Өзім туралы» жыры /19481954/, Қ.Бекхожиннің «Өзіңе сен, жас ойшылы» /1936/, Х.Ерғалиевтың «Ауылға» өлеңі /1943/ лирикалы жанрының кезеңдік көркем дүниелері. Туған халқымыздың асыл мұраты, ғасырлар бойы аңсаған арманы, елжұртымыздың қуанышы мен зармұңы, ұлттық психологиямыз, ұлттық дәстүріміз, қазақтың әлеуметтік тағдыры – шағын да, ұрымтал жанр – лирикада ежелден көрініс тауып, бірге жасап келеді. Адам сезімдерінің алуан құбылыстары, ұлттық колориті, салтдәстүрге лайық мәнмазмұны лириканың нәзік тілінде сөйлеп, жүрек пернесін шертті. Жүректен шықпай жүрекке жетпейді деу де ең алдымен лирикалық дүниелерде айтылып, қанатты сөзге айналды. Шалкиізден Махамбетке, Абайдан Мағжанға, Сәкеннен Қасымға ұштасқан лирика 60шы, 70ші жылдары өзіндік қайнар бұлағымен, өзіндік арналы өзендарияларымен халық руханиятының теңізіне құйып, сахараның шөлін басты, өмірге деген іңкәрлікті оятты. Лирикалық қаһарман, лирикалық кейіпкер, лирикалық тұлға деп жүргеніміздің өзі ақын атынан айтылатын «Менге» ұласып, оқырман жүрегінің өзіндік «меніне», яғни тағдырына, тыныстіршілігіне айналды. Поэзиялық туындылардан адамның жанды бейнесін лирикалық қаһарман ретінде таныдық. Ақын әрдайым өз атынан айтқанымен лирикалық кейіпкердің жинақталған образы атынан суреттеді. Көбінекөп лирикалық тұлғаның бүкіл барболмысын, табиғатын бір туындыда толық ашуы шарт емес. Бір мезеттік, бір сәттік, қасқағымдық болмысы, яғни, бейнелі түрде айтсақ, көбіміз байқай бермейтін, бүршікпен жапырақ арасындағы, көктем мен жаз арасындағы құбылысты жырлап, суреттеп көрсете білсе, ақынның діттеген жерінен табылғаны… Ақын лирикалық туындысында өз атынан ғана емес, қоғам атынан, тіпті бір бүкіл ұрпақ атынан да сөз алуы мүмкін. Оған ақынның талантдарыны өлшем бола алмақ. 60шы, 70ші жылдар поэзиясында ақындар цикл, томтама өлең жазу арқылы, тіпті, бір тақырыпқа бір кітабын арнау арқылы лирикалық қаһарманның тұтастай тұлғасын жасауға ұмтылып жүр. Бұған бір ғана мысал ретінде, ақын Қадыр Мырзалиевтың «Дала дидары» кітабын айтуға болады. Лирикалық тұлғаның бір түрінде бір қырынан көрініп, екінші кітапта екінші қырынан көрініп толыға түсетін кезеңі бар. Бұған Тұманбай Молдағалиевтың «Қош көктем» кітабынан бірнеше мысал келтіруге болады. Бірақ, біз арнаулы тарауларда тереңірек жанжақты талданатын болғандықтан да, еске ала кеткенді жөн көрдік. Лироэпикалық жанр да – поэзияның аса күрделі жанры. Лироэпос деп атап талданатын бұл поэзияның көркем туындысы әрі эпикалық, әрі лирикалық табиғаты бірге туысып, ажырағысыз түрде жырланады. Бұл шығармаларда лирикалық кейіпкер заманалық тұлғаға көтерілсе, азаттық үшін күрескер дәуірлік деңгейге биіктесе, лирикалық жырлардың әдебиеттегі орны, атқарар миссиясы тіптен бөлек. «Қыз Жібек», «АйманШолпан», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «МұңлықЗарлық», «Жүсіп – Зылиқаның қиссасы» т.б. қазақ халқының шығыс әдебиетінің ұлы туындылары – лироэпикалық жанрға жатса, Шалкиіз жыры, Мағжан өлеңдері таза лирикаға жатады. Біз лироэпикалық жанр туралы М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Ә.Қоңыратбаевтың, т.б. зерттеуші ғалымдардың елеулі еңбектері барын ескере отырып, таза лириканы зерттеуге ден қойдық. Әрине, тақырыбымызға сай 60шы, 70ші жылдар лирикасы. Лирика шын мәнісінде көркем әдебиеттің үш тегінің бірі. Яғни, лироэпостай және лирикалық драмадай, өмір шындығын ішкі терең жан күйзелісімен бейнелейтін жанр. Ақынның ойы мен сезімі құстың қос қанатындай бірге қанат қағып, эмоциялық тебіреніс биік еңсе көтереді. «Лирика – кез келген поэзияның ғұмыры мен жаны» деп В.Г.Белинский бекер айтпаған. Белинскийдей лирика туралы көсем сөз айтқан адам екі талай. Оны қазақ тіліне аударып жеткізген Ә.Тәжібаев ақын болса, ең алғашқы аудармашылардың бірі – Б.Шалабаев еді. Пушкин лирикасы, Лермонтов лирикасы, ХІХ ғасырдағы орыс лирикасы, махаббат лирикасы дейтін дүниелерге біз қанықпыз. Абай лирикасы да біршама өзіне лайық зерттелді. Мағжан Жұмабаев лирикасы қолға алына бастады. Ал, 60шы, 70ші жылдардағы қазақ лирикасы өз алдына обьекті болып зерттеле қойған жоқ. Аратұра жазылған газет журналдарда, жалпы баспасөзде жарық көрген сыни мақалалар бар. Бірақ, зерделі зерттеу деңгейіне көтеріле қоймағаны анық. «Поэзия өнердің ең жоғары тегі» /«Поэзия есть высший род искусства»/ дейді В.Г.Белинский және эпикалық, лирикалық поэзияны салыстыра келіп: «Лирикалық поэзияның артықшылығы, эпикалық поэзияға қарағанда, барынша субьективті поэзия, ақынның ішкі жан тебіренісінің көрінісі» 2 . ЖанПоль Рихтердің: «Лирикалық поэзияда – суреткер өзі салған бояуға, картинаға айналса, ақын өзі жазған дүниесінің бітімболмысына айналады» 3 . 60шы, 70ші жылдары әдебиетімізге келген жаңа толқындарда өздерінің лирикалық жырларымен, өзі көркемдеп кестелеген дүниелерінде өздері тұлға, әрі қаһарман, әрі кейіпкер болып енді. Солай бола тұрса да, кешегі кеңес үкіметі тұсында осы жылдардағы қазақ лирикасын зерттеу обьектісінен шеттеу қалды. Кеңес үкіметінің басқа республикаларында бұл жылдар поэзиясы біршама зерттелді. Атап айтсақ, Т.А.Лещенконың «70ші жылдардағы Советтік Украина поэзиясының көркемдік идеялық ізденістері және Борис Олейник творчествосы» /«Идейнохудожественные искания в Украинской Советской поэзии 70х годов и творчество Бориса Олейника»/, Эле Лыхмустың «1960шы жылдардағы Советтік Эстония поэзиясының дәстүрі мен жаңашылдығы» /«Традиции и новаторства в Эстонской Советской поэзии 1960х годов», М.А.Мамедовтың «Советтік Азербайжан поэзиясы» /60шы жылдар/, А.В.Науменконың «60шы жылдардағы Советтік орыс поэзиясының даму проблемалары және Н.М.Рубцов творчествосы», А.Д.Түймебаевтың «6070ші жылдардағы Советтік қырғыз поэзиясының жанрлықстильдік ерекшеліктері», А.А.Цурканудың «60шы жылдардағы Советтік Молдавия поэзиясының лирикалық қаһарман проблемасы» т.б. толып жатқан ғылымизерттеу еңбектері жазылса, қазақ топырағында бұл еңбек тың дүниелердің бірі болып саналады. Жеке автор туралы жекелеген еңбектер болғанымен, тұтастай таразылап, бір ұрпақ творчествосын талдап жазылған зерттеу жоқтың қасы. «6070ші жылдардағы Қазақ лирикасы» тақырыбының өзектілігі де осында. Бұл жылдарда қазақ лирикасы көркемдік ізденісімен дамыды. Пікір қайшылықтары да болды. Сыншылар мен оқырмандардың қазіргі қазақ лирикасының мәнмазмұнын, көркемдік деңгейін бағалау біраз дискуссиялар да толастамады. Әрқилы ойпікірлер кейде обьективті, кейде субьективті көзқарастар соқтығысында өріс алды. 60шы жылдарда «Формалистік өлеңдер» деген етек алып, оған қарсы шығушылар да қалыс қалмады. Сыншы мен оқырмандар талғамы әртүрлі болғандықтанда бітіспес пікір таласы өрбіді. Мұның бәрі, әрине, 6070ші жылдардағы қазақ лирикасы туралы фундаментальды зерттеуді қажет етеді. Ұлттық мәдениетімізге, халықтық дәстүрімізге қазақ лирикасының әсерықпалы, дәстүр мен жаңашылдықтың арақатынасы, байланысы жайлы ғылыми тұжырымдар жасауды жүктейді. Өйткені, тақырып етіп алып отырған кезеңнің көптеген ақындары зерттеушілердің назарынан тыс қалған. Бұл зерттеу еңбегінің мақсаты – Қазақ поэзиясының жаңа кезеңдегі орнын белгілеу, Қазақ лирикасындағы көркемдік ізденіс ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда тұжырымдап, ғылыми баға беру. 6070ші жылдардағы лириканың көркемдік ізденістері қазақ әдебиетімен тұтастықта алып қарап, қоғам мен әдебиет арасындағы құбылысты зерделеу. Әдебиеттің қоғамға, қоғамның әдебиетке әсерықпалын зерттеп, екі он жылдықтағы қазақ лирикасының тарихи даму заңдылығын қорытындылау және де тұжырымды баға беру. Гегелдің логикалық тұжырымдауы бойынша, обьективті шындықтың үш саласы бар. Біріншісі – табиғат; екіншісі – адам танымы, адамның айналаны қабылдау, тануға байланысты мидың ролі. Ми болса, екі бастан табиғаттың ең ғажайып, ең орасан зор жемісі, өнімі. Үшіншісі – адам танымында табиғаттың бейнеленуі. Бұл үш ұғым да лирикалық туындыға қатысты, әрі бұл ұғым заңдылық. Зерттеу жұмысында қазақ оқымыстылары мен ғалымдарының, сыншызерттеушілерінің ойпікірлеріне арқа сүйей отырып, сонымен қатар шет елдермен және де бүгінгі тәуелсіз ел аталған республика оқымыстыларына да иек арта отырып, пікірімізді де айтуға ұмтылдық. 6070ші жылдардағы екі он жылдықта Қазақстанда 300ден астам поэзия кітабы жарық көрді. Біріншіден, оның көпшілігі лирика. Екіншіден, көпшілік кітаптар біз зерттеу обьектісі етіп алған ақындардың еншісінде. Бұл да зерттеу материалдардың жұтаң еместігін, қайта бай екендігін аңдатса керек. Бұл еңбек – 6070ші жылдардағы қазақ лирикасы туралы теориялық және аналитикалық талдау тұрғысында жинақтап зерттеген алғашқы еңбек деуге болады. Зерттеудің жаңалығы да осында. Қазақ лирикасындағы көркемдік ізденістер жанжақты кеңінен теориялық тұрғыдан талданып, жүйелі түрде, әрбір оқиғаға айналған өлеңдер өз кезеңімен хронологиялық бағытта тілге тиек етіледі. Сонымен қоса дәстүр мен жаңашылдық хақында уақытқа сай обьективті түрде баға беріледі. Әрбір ақынның өзіндік қолтаңбасы айшықталып, жеке тұлғасы сомдалып, алдыңғы және кейінгі ұрпақ өкілдерімен салыстыра зерттелді. «Жұлдыз» журналының поэзия бөлімі мен сын және библиография бөлімін басқарған тұстағы практикалық еңбегімнің, сын мақалаларымның көбісі дерлік 6070ші жылдары әдебиетке келген ақындар шығармашылығымен тікелей байланысты. Бұл кезеңнің поэзиясына әділ баға беруіне бірге атсалыссам, екінші жағынан зерттеу обьектісі етіп алған ақындардың өлеңжырлары қызмет барысында қолдан өтіп, сұрыпталған кездері де бар. Мұнымен қатар, «Жазушы» және «Жалын» баспаларында жарық көрген қайта басылымдары мен таңдамалы дүниелерін рецензент ретінде де қатысып, ойтолғамдарымды ортаға салған тұстарым да болғанын айтқаным орынды болар. Бұл да зерттеу жұмысына өз көмегін аз тигізген жоқ. Қайта теориялық және методологиялық негізде әрбір ақынның лирикасына нақты анализ жасауға, обьективті түрде жіліктеп талдауға игі ықпалын тигізді. Лирика, шынында да, тарихи тұрғыда қалыптасқан барша әлемге ортақ жүйелі жанр. Сондықтан зерттеушілердің бәрі теориялық жағына терең назар аударған. Біз көбінекөп, тақырыбымызға орай, лириканың қоғамымызда алатын орны мен лирикадағы көркемдік ізденістерге баса көңіл бөлдік. Сонымен зерттеу еңбегіміздің бірінші бөлімі: Қазақ поэзиясы жаңа кезеңде. Екінші бөлім: Қазіргі қазақ лирикасындағы көркемдік ізденістер /6070ші жылдар/ деп аталады. Екінші тараумен қатар: Қорытынды бөлімі бар. Зерттеу жұмысында 6070ші жылдардағы әдеби процестің даму заңдылығы және оның ерекшелігі, бұл кезеңдегі қазіргі тәуелсіз елдер әдебиетінің даму заңдылығымен байланыстырыла қаралады. Мұнымен қатар, әдеби процесте поэзияның алар орны, маңызы сөз болумен бірге, ізденістер мен ағымдарға баға беріліп, сансалалы ойпікірлер қозғалады. Уақытқа, дәуірге байланысты поэзиядағы, оның ішінде лирикадағы мазмұн мен ой жаңалығының әсерінен, түр /формалық/ ізденістерге жетелегені, поэтикалық ойлау жүйесінің өзгергендігі, сонымен қатар дәстүрлі көзқарастарды дамыту нәтижесінде, соны жаңалықтар енгені жанжақты ғылыми талдау жасау көзделді. Жаңашылдық лирикалық өлеңдердің сыртқы формасында ғана көрініп қойған жоқ, поэтикалық ойлау жүйесіне күрделі өзгерістер енгізді. Бұл кезеңде поэтикалық ойлау жүйесін жетелеп, толғандырған мәселе – жалпы адамдық, азаматтық проблемалар еді. Уақыт және Адам, Бейбіт ел тағдырын қорғау, Ғылымитехникалық революция, экология және табиғат тағы басқа эстетикалық ақылойдың, сананың игілігіндегі түрлі мәселелер лириканың қайнар көзіне айналды. Жалпы осы уақытқа дейінгі поэзияға тән қасиет, яғни әр кезеңдегі күрделі, есте қаларлық оқиғаларға жедел үн қосып отырусынды жедел, оперативті поэзия да бұл кезеңде өріс алғаны рас. Республикалық бұрынғы одақтық, одан қала берді дүниежүзілік оқиғаларға дер кезінде, сол сәтінде атсалысып, із қалдыруда жалпы поэзияның да, оның ішінде лириканың да үлес салмағы аз емес. Қазақ лирикасының алпысыншы жылдардағы халахуалы күнделікті өмір шеңберімен, немесе, саяси ағымдағы әртүрлі даталар мен оқиғалар тұрғысында өлшенбейді. Қайта көп жайларды айтуға болмайтын шақтарда да, қазақ лирикасы өзінің астарлы ой тереңдігімен, екінші, тіпті үшінші пландағы интеллектуальды оқырманына мегзерлік астарлығымен, ой диапозонының кең ауқымдылығымен бағаланады. Қазақ ақынының «Бұтақтарым – биікте, тамырларым – тереңде» 4 деуі де сондықтан. 6070ші жылдар поэзиясын, оның ішінде қазақ лирикасын зерттеу обьектіміз етіп алу мәнісі де, мазмұны да осында болса керек. Бұл кезеңде қазақ поэзиясында философиялық лириканың жаңа бағытындағы ізденістері белең алды. Белгілі қоғамдық формацияның желеуін көтеру үшін емес, қайта жалпы адамзат игілігіне айналарлық, ұлттық топырақта дәні өсіпөнгенімен, жемісі – жер бетіндегі халықтарға ортақ ойөрісі етек алып, өркенін жайды. Жиырмасыншыотызыншы жылдарда әдебиетіміздің, оның ішінде поэзияның алтын қазығын қадаған, поэзияның ұлттық туын көтерген ақынжазушылардың репрессияға ұшырауы, әлбетте, әдебиетімізге кері әсерін тигізбей қойған жоқ. Олардың қатерлі уақыттың кәріне ұшырауы – одан кейінгі ақындар толқынын жалаң үгітнасихаттау, науқаншылдыққа әкеліп итермеледі. Өз ойын ашық айтудан қалды. Міне, осындай қорқасоқтап сөйлейтін ақындар қасіретті 1937 жылдан бастап, Ұлы Отан соғысы аяқталған тұста жалғасып, 50ші жылдарға дейін жетті. Бұл тұстарда Қазақ лирикасына жан енгізіп, жүрек дүрсілін оятуға ден қойған Қасым Аманжолов сынды т.б.ақындар, халыққа қажет, В.Г.Белинский анықтама берген нағыз лириканың алғашқы нышандарын танытқанымен, біржолата бел шешіп кете алмады. Уақыт, саясат орайына қайтақайта мойын бұрып отырды. 60шы жылдары ұлы Мұхтар Әуезов сөзімен айтқанда «Әдебиетімізге жыл келгендей жаңалық сезінерлік» жаңа тегеурінді ақындар толқыны келді. Олар өлеңдерінің өміршеңдігімен, көркемдік ерекшеліктерімен әдебиет табалдырығын аттап, бұл күнде бұғанасы бекіген, кемел жасқа ғана емес, поэзиямызды кемелдікке жеткізді. Бұл кезеңдегі өзіндік үні, өзіндік ізденістерімен әдебиетімізге енген ақындар Тұманбай Молдағалиев, Сағи Жиенбаев, Зейнолла Шүкіров, Қадыр Мырзалиев, Мұқағали Мақатаев, Жұмекен Нәжімеденов, Төлеген Айбергенов, Қайрат Жұмағалиев, Сабырхан Асанов, Өтеген Күмісбаев, Сәкен Иманасов, Марфуға Айтқожина, Өтежан Нұрғалиев, Ақұштап Бақтыкереева, Фариза Оңғарсынова, Меңдекеш Сатыбалдиев, Мұхтар Шаханов т.б. ақындар творчествосы көркемдік жағынан да, эстетикалық әсер тұрғысынан да айқын қолтаңбамен әдебиетімізге өз соқпағын салуға ұмтылды. Міне, 60 жылдары әдебиетімізге өзіндік қолтаңбасымен енген ақындар творчествосын талдағанымызда, бұрынғы бүкілодақтық поэтикалық процестегідей, ақиқат шындығымыздың күрделі де, жанжақты картинасы, қайта құру, жариялылық көрсеткендей, тоқырау /застой/ кезінде де әдебиетіміз қарап қалмағандығы, олардың ащы үніне өктем үкімет пен тотолитарлық режимдегі партия басшыларының қаперіне кірмегендей, құлағына ілмегендігі айқын көрінді. Поэзияда, оның ішінде лирикада, бар болмысымызда болып жатқан шындықты айқайлап, ұрандап айтпаса да, өзінің жанрлық ерекшелігіне тән, түсінген адамға, естір құлаққа, көрер көзге қолға ұстатқандай әсерлі де, байыпты жеткізе білген лирикалық туындыларымыз аз емес. Міне осы жағын да ашып көрсету – басты бағытымыз. 6070ші жылдардың поэзия хақында аратұра баспасөз беттерінде сыни мақалалар жазылғанымен, зерттеу объектісі етіп алу, оны жанжақты талдау жағы әлі күнге біржола қолға алынбаған шаруа екенін жоғарыда айттық. Сондықтанда әдебиэстетикалық ой жүйесі тұрғысынан да, жаңашылдық проблемасы хақында да, көркемдік ізденістер мен дәстүр жайында да зерттеуге тұрарлық, негізі бар дүние деп санаймыз.