РефератыҚазақша
Мұхаммед Бінни Абдолла Харабати шығармалары
≈ 7 мин чтения

Ақын шамамен 16381730 – жылдар арасында өмір сүрген. Ата анасы оны оқытудан қаражат аямай Ақсу, Қашқар, Бұхара медреселерінен жүйелі білім алуына жағдай жасаған. Болашақ ақын шығыстың бай әдебиеті, философиясы, логика, фықық ілімдерін терең игеріп шығады. Еліне оралғаннан кейін бір жағынан діни қоғамдық жұмыстармен, тағы бір жағынан ғылыми шығармашылықпен шұғылданып халық ішінде зор беделге ие болды. Замандастары оны ғұлама ғалым, ұлы адам деп құрметтейді. Ақын қайтыс болғаннан кейін оны пір тұтып құрметтеген адамдар басына «Ажы Харабати» атты салтанатты күмбезбен ханаха тұрғызады. Осынау қасиетті орын алысжақыннан келген ғұламалар мен ақындар, ілімбілім қуған талапкершәкірттері бас қосып, тауап қылатын, өз ара пікірлесіп ғылыми ой бөлісетін, жаңалықтарын ортаға салып талқыласатын мекенге айналады. Мұхаммед Бінни Харабати Алтышаһардың Ақсу аймағына қарасты Шоқтал деген кентінде дүниеге келген. Болашақ ақын өмір сүрген дәуір аса күрделі шиеленісті оқиғаға толы болды. Ақын өмірінің алғашқы жарымы (16381678) Жаркен Сайидия хандығы кезеңінде өтсе, кейінгі жарымы Абақ Қожа бастап келген жоңғар құнтайжысы Ғалданның Жаркент хандығын басып алған зұлмат заманында өткен екен. Ақынның біздің заманымызға амансау жеткен шығармасы «Күллиат Меснеуи Харабати» деп аталады, оның мағынасы «харап ойран болушының Меснеуи екілік бәйіті үлгісіндегі дастандар жинағы» дегенді білдіреді. «Күллият» 1726жылы ақынның 88 жасында толық аяқталған болып, 112 әлеуметтік, саяси, моралдық тақырып бойынша жазылған 13000 жолдық үлкен шығарма. Бұл шығарма алғаш рет Ташкенттегі «Арыпжанов баспасынан» басылып оқырмандар қолына тиген. «Күллият Меснеуи Харабатидің» негізгі идеясы – ақын өмір сүрген дәуірдегі адалдық, жақсылық, адамгершілік қасиеттерге негіз болатын әділет пен ғылымөнерді барынша дәріптей отырып, қоғамды жегідей жеп, аздырыптоздырып бара жатқан надандық пен зұлымдықты, тойымсыз жемқорлық пен алдамшылықты өлтіре сынайды. Сондай кесапатты туындатып жатқан өзбыр билеушілерді дүниехор байлар мен екіжүзді сопыимамдарды, атаққұмар мансапқорларды аяусыз әшкерелейді. Ол батылдықпен қоғам мерезін былай таңбалайды: «Ей, ағайын бұл жаһан зындан саған, Болмайақ қой дәмегой қуаныштан, ол жоқ саған.» немесе Кейі бай, кейі кедей десек те – бәрі де Кейі шейх, кейі сопы, кейі молда – бәрі де Кейі қазы мүфти, кейі Мүһтесеп Ешбірі іздемес адалдан нәсіп. [24] (еркін аударма)
Ақын қоғамның жағымсыз жақтарын әшкерелеп, әділетсіздік пен қара ниеттікті мінепсынаумен ғана шектеліп қалмай, замандастарын ереуіл атқа ер салуға үндеп күреске шақырып, зұлымдық жайлаған қоғам жүзіне тік қарап: Сенің әміріңді орындаймын деп болдым құнікер, Тілім ереуілдеперкінсіп болдым күнәкәр. Адамды шайтаннан етпеген жүдә, Күндізтүн болмайды шатақтан жүдә! [25] деп адамзатты аздырып, ақ жолдан адастыруға дайын тұратын шайтанды жаратқан Аллаһ тағалаға да өкпеналасын ашық білдіреді. Тарихтан белгілі болғанындай ХҮІІХҮІІІ ғасыр мұсылмантүрік дүниесі үшін ең бір қауіпқатерге, азыптозуға, бодандық бұғауда жанталасқа түсірген қилы заман болды. Тәуелсіздіктерінен жаппай айрыла бастаған түрік дүниесін озбырлық пен надандық тұмшалап адамдар кісілік қасиеттен, ұлттық «меннен», тәуелсіздік ұрандарынан алыстап, азыптоза бастаған уақытта, ұлттың озық ойлы зиялылары халқын бұл апаттан аман сақтап қалудың жолын шарқ ұра іздеуге кірісті. Осының бірі Абдолла Харабати еді. ол қоғамды түзеп, халықты ояту үшін, зұлымдыққа қарсы құрал ретінде халықтың дәстүрлі рухани құндылықтарын, мұсылмандық этикалықморалдық құндылықтармен ұштастыра отырып ақылнақыл, үгітнәсихат айтудың маңызына ерекше назар аударғанын көреміз. Ақынның ерекше назар аударып көп жырлаған тақырыбының бірі – оның ғылымбілім арқылы ханды да, қараны да тәрбиелеп, жан дүниесін өзгертуге, ынсап, ұят, рахым, әділетке дағдыландыруға болады деп қарағандықтан аталмыш «Күллият»та арнайы түрде «Адамның жан ғимаратындағы гүлзарлық», «Адамның көңіл төріндегі гауһар», «Адамды өлімнен арашалаушы өмір бұлағы» деген тарау арнаған. Әсіресе, «Ғалымдардың қасиеттері жөніндегі баян» тарауында ғылымбілімнің мәнмаңызы жөнінде былай тебіренеді: Болмаса әркміде іліммағрифат, Не істесе де еш нәрсеге жарамай қалад. Саған айтайын, ей, шәкірт, сөзбен бұйыра, Мағрифатсыз құр сүлде, жансыз, мына тән. Кімед болса мағрифат адам болар, Күллі қиыншылықтар оған оңай болар. Оны әр кімнің таппағы оңай емес, Ішпеген (ілім сусынын Ә.Д.) оны адам емес. Әр тараптың шырағы – ғалымы, Әр қара түннің жарық айы – ғалымы. Әр тараптың бағы – ғалымы, Әр елдің шаһы – ғалымы. [26] (еркін аударма) Біз бұл өлең жолдарын оқып отырып ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ даласына білім шырағын жағып, ағартушылықпен айналаысқан қазақ оқығандарының өнербілімге шақырған азаматтық үндестігін естігендей боламыз.
Бұл дәуірдегі түрік халықтары поэзиясы мен дидактикалық педагогикалық ілімдеріндегі ортақ сарынның бірі, алдымен өз халқын таныпбілуге ұмтылысы деуге болады. Өз халқын тану арқылы, оның артықкемін таразылап, қандай жамандықтардан арылу керек, қандай жақсы мінезқұлық пен әдеттерге дағдылану керек екенін ұғындыруға арналған сыншылреалистік ойсанаға жетелейтін шығармалар туындады. Ақын Харабати бұл мазмұнда жазылған өлеңдерін өз «Күллиятында» жанжақтылы зерделей келе «Дер баян адамшонаслық» (адамтану) деген тақырып қойған екен. Ақын былай деп жырлайды: Халқыңның халын біл, ей, адамшонас, Тым болмаса мөлшерлеп біл, шамалас. Кейбіреудің көңілі құстай шалқыр, Кейбіреудің көңілі құрттай жыбыр. Кейбіреудің көңілі алынбас қамалдай, Кейбіреудің көңілі ашықшашық қорадай. Кейбіреудің көңілі гүлбақшадай, Кейбіреудің көңілі самалалы алаудай. [27] (еркін аударма) Жаратылысынанақ адам бірбіріне мүлдем ұқсамайтын жан иесі болғандықтан адамдар бірбірімен мінезқұлқына, білімбілігіне, иманұятына, адамгершілік қасиетінің қаншалық екеніне қарай қатынасқа түседі. Тәлімтірбие соған қарай берілуі керек деп қарайды. Бұл таным, адамтану ілімі шығыстық, исламдық әрі түріктік рухани қайнарлардан бастау алады. ӘлФараби, Жүсіп Хас Хаджиб, Ахмет Ясауиден басталатын адамгершілік, иманигүл, толық адам ілімі Харабати ақын заманында барынша кемелденіп дамыса, қазақ жырауларымен зарзаман ақындары тұсында, билердің шешендік сөздерінде барынша дамып ұлы Абай мен Шәкәрім, Ахмет Байтұрсын поэзиясында кемелденіп қазақ әдебиетін ояну, ояту дәуіріне алып кірді. Ұйғыр поэзиясындағы тақырып ұқсастығы мен идеялық, көркемдік өрнектердің үндесіп жатуынан біз отарлық бұғауда бұлқынған туысқан халықтардың ортақ мұңшерін, ұқсас тағдырластығын тағы бір рет танып білгендей боламыз. Абдолла Харабати поэзиясындағы адамтану ілімінің басты өлшемі тек психологиялық ерекшеліктерді саралаумен ғана бітпейді, ең бастысы адамның өнербілімді игеруге қаншалық ұмтылысына әрі өзін жетілдіре, кемелдендіре алуына да тікелей байланысты екенінде деп түйеді. Рухы адам ілімнен қуат алар, Ілімсіздің рухы бейқуат болар. Ешкім де бұл жолда өнерсіз емес, Кімде өнер болмаса, ол адам емес. Кімдекім бұл дүниеде өнерсіз болса, Таңда машһар күнінде ізетқұрметсіз қалар. Кімде өнерілім болса Хаһ тағала рахым қылар, Кім өнербілімсіз болса Хаһ тағала лағнат қылар. [28] (еркін аударма) Ақынның «адамтану» жолындағы ізденістеріне арқау болған нәрсе күллі адамзаттың пенделік тойымсыз нәпсіқұмарлықіндетіне қарсы ем іздеу әрекетінен көрінеді. «Күллият Меснеуи харабати» да бұл мәселеге арнайы тараулар арнаған. Ақын нәпсіні жеті басты айдаһарға теңеп, адамзатты жолдан тайдырып, қоғамды ірітіпшірітетін, адамды жыртқыш хайуанға айналдырып жіберетін ең сұмдық зиянкес деп қарайды.
Ақын сол арқылы жеке бастың абыройатағымен тақбилік үшін дінін, Мүһмін мұсылман бауырларын сатып діні де, тілі де бүтіндей жат жоңғар қалмақтарын көмекке шақырып, гүлденген Жаркент Сайидия хандығын ойрандаған Абақ Қожа сияқты опасыздарды тұспалдап болса да әшкерелейді. Абдолла Харабати өз заманының көкейкесті мәселесін батылдық пен көтеруде қапы қалмаған. Бұл мәселелерді жалаң үгітнәсихат пен ғана емес, діндікхалықтық қағида жосындарды назарда ұстай отырып көркем образдар, бейнелі кейіптеулер мен шешенөткір сын сықақтарды шебер пайдалана білген. Стилдік жағынан қарағанда ақын қайталау, ұқсату, салыстыру, әсірлеу, бейнелеп жандандыру тәсілдерін орынды қолдана білген. Абдолла Харабати өзі өмір сүрген түнек қоғамға симай наразы, ереуілшіл ақын ретінде қалыптасып, бүкіл шығармасында сол көзқарасын ашық та, тұспалдап та білдірген қаламгер. 92 жылдық ұзақ ғұмырының 88жылында әйгілі «Күллият Меснеуи Харабатиды» толық тамамдап шыққаннан кейін қоғамға, өмірге наразылығын білдірудің соңғы амалы ретінде қолында бар аздыкөпті дүниемүлкін кедейкембағалдарға үлестіріп беріп болып, сергелдеңмен өмірін ақырластыруға ерікжігері жеткен қайсар тұлға.