РефератыҚазақша
Маңғыстау мен үстірт Адайлары
≈ 13 мин чтения

Кіші жүздің он екі ата байұлы тайпалық бірлестігі – адай, беріш, алтын, жаппас, таз, есентемір, тана, байбақты, масқар, алаша, қызылқұрт, шеркеш, ыссық руларынан тұрады. Адай тайпалық бірлестігінің атабабаларынан бері иеленіп келген рулық таңбалары А.Левшин 1 бойынша, А.Харузин бойынша 2 , И.Казанцев бойынша 3 , Н.И.Гродеков бойынша 4 , М.Тынышпаев бойынша 5 , Ә.Бөкейханов бойынша 6 , «Материалы по ист. КазССР (17651838)» еңбегіндегі мәліметтер бойынша –> 7 және т.б. авторлардың еңбектерінде сипатталынған. Кейінгі авторлардың С.Аманжоловтың мәліметтері (1959 ж.) Х.Арғынбаев М.Мұқанов B.Востров мәліметтері бойынша (2000 ж.),C.Әжіғали түсірген тастағы таңбасы бойынша 8 деп көрсетілген. Көріп отырғанымыздай адай тайпасының таңбасы көбіне садақ, оқ, жебе болып келгенімен Ә.Бөкейханов мосы таңбасының, басқа авторларда шөміш таңбаларының да қоса кездесетінін байқаймыз. Адайлар ұраны М.Тынышпаев бойынша Бекет 9 , Л.Мейер бойынша – Телеген 10 . Зерттеуші ғалымдар адай тайпасының шығу тегін ежелгі дай (дахтар) тайпасымен байланыстырады, дайлар туралы деректер ежелгі грек тіліндегі жазба ескерткіштерде кездеседі, олар біздің эрамызға дейінгі бірнеше ғасыр бұрын Сырдарияның төменгі ағысы мен Каспий аңғарының оңтүстікшығысында болған. Біздің эрамыздың бас кезінде дайлар Каспий теңізінің солтүстікбатысына кеткен. ҮІІ ғасырда Батыс түрік қағанаты құрамына, ҮІІІІХ ғасырларда негізгі бөлігі оғыз тайпасының құрамына енген. Оғыздардың тілінде «адай» сөзі «арал тұрғындары» деген мағына берген. Осыны негізге ала отырып, зерттеуші ғалымдар «адай» деген тайпалық атауды оғыздар берген деген қорытындыға келеді. ІХХ ғасырларда басқа түркі тайпаларымен бірге адайлар Маңғыстау түбегіне қарай жылжыған. XIII ғасырда басқа түркілермен қатар адайларда монғолдар шапқыншылығына ұшырады, алдымен Алтын Орда, одан кейін Ақ Орда, кейінірек Ноғай Ордасы билігінде болды. ХҮІ ХҮІІ ғасырларда Кіші жүздің басқа тайпалармен адайлар да қазақ халқының этникасын құрады. Адайлар Үстірттен бастап Сағыз өзеніне дейін созылып жатқан қазақ даласын мекендеді. Ғалым О.Исмағұловтың пайымдауынша XIX ғасырдың соңына қарай адайлар саны 85 мыңдай адам болған 11 . Әрине бұл сан әдеттегі нақты көрсеткіштен азырақ болуы тиіс, себебі «орыс статистары» жүргізген санақ кезінде қазақтардың көшіп жүруі себепті көшпелілердің бір бөлігі санаққа енбей қалған ғой. Демографғалымдардың пайымдауынша 1897 жылғы Бүкілресейлік санақ кезінде қазақ халқының 10%ы қамтылмаған. Адай тайпасының байырғы көшіқон аймағын, мерзімдік қоныстарын нақтылауда Орынбор генералгубернаторы Г. Волконский жаздыртқан 1803 жылғы құжаттың маңыздылығы ерекше. Г.Волконский құжатында: «Адай руының (автор басты ру ретінде атаған) 12 атасынан 10000 шаңырақты ағаман Күбер батыр басқарады… Олардың барлығы дерлік жазда Жайық пен Ембі өзендері арасында, Бұлдырты, Қондағайты, Жосалы, Шыңғырлау, Ақаты, Шыңқаты өзендері бойында, Қобда өзеніне дейінгі жерде қоныстанды, ал қыста Каспий теңізі жағалауындағы Маңғыстау өңірінде, Айрақты шатқалында, Ембі мен Жайық сағаларында, Гурьев, Срочиков қамалдарының қарсы бетіндегі бұғаз бойында, Орал бойының жоғарғы шебі жерлерінде қыстады», дей отырып, адайлардың басқа да байұлы тайпаларымен қатаркөшіп қонатындығын атаған 12 . Негізінен Г.Волконский мәліметінде Кіші жүз тайпалары Орынбор генералгубернаторлығына тәуелді болғандықтан да болар, мейлінше толығырақ қамтылған. В.В.Радлов Байұлы тайпалық бірлестігінің қоныстануына «адай, шеркеш, тана, байбақты, масқар, қызылқұрт, есентемір, жаппас, алаша, таздар Жайық пен Жем өзенінің аралығында, Каспий теңізі жағалауында, адайлардың бір бөлігі Маңғыстау бұғазында қоныстанған», деген анықтама берген 13 . А.И.Левшин байұлы тайпалық бірлестігінде рулар тізбесін бере отырып, олардың басты қоныстары ТөменгіОрал сызығы бойын, Жайықпен Жем өзені аралығын, Қаракөл көлі, Құлдығайты, Бұлдырты, Өлеңті, Жосалы, Шыңғырлау, Анқаты, Ойыл және Хобда өзендері бойларын, қыста Каспий теңізінің жағасында, Жайық пен Ембі өзендері сағасында, Орал, Маңғыстау жерін алып жатқандығын айта отырып, таз, алаша, беріш руларының бір бөлігінің Сырдария және Қуаңдария бойларында және Қарақұмда, ал жаппас руының үлкен бір бөлігінің жазда Тройцкіге қарсы бетте, Торғай және Тобыл өзендері бойында, қыста Сырдария мен Қуаңдария бойында қоныстанатындықтарын да көрсеткен 14 . Адайлардың XIX ғасырдағы Орынбор өлкесіндегі мерзімдік қоныстарын нақтылауға М.Галкин жазбалары да арқау болады. М.Галкин жазбаларында байұлылардың көшіқон аумағы жайында «Адайлар қыста Каспий бойындағы Бозащы, Қараған, Түпаққан, Қорашау, Қарабау қыстауларында, жазда Ембі, Сағыз, өзендері бойында, Сам, Самматай, кейде Тайсойған құмдарында» деген мәлімет берген 15 . П.Кеппен бойынша адайлар Бөкей ордасының этникалық құрамына еніп, қыста Каспий жағасында, жазда Рын құмдары мен Каспий теңізінің аралығында жерде жайлаған. Бөкей ордасында адайлардың өтей, сарын, құбылай аталарының тұратындығын көрсеткен. 1839 жылы Бөкей Ордасындағы адайлар 780 шаңырақты құраған 16 . Ауыл шаруашылығы санағы кітаптарын негізге алсақ, Маңғыстау уезінде адайлар қауымы Үстірт қыратын, Маңғышлақ түбегін, Бозащы түбегін алып жатты. Қыста Қаратау, Ақтау тауларының етегінде, Сеңгірқұм, Аққұм, Сарыөзек құмдарында қыстап, жазда Сам және Самматай құмдарында, Ембі, Жайық, Ырғыз өзендерінің аңғарында көшіп жүрсе, Гурьев уезінде адайлар, байұлының беріш, есентемір, ыссық, таз, тана, қызылқұрт, шеркеш руларымен қатар қоныстанып, ауылдары Ембі өзенінің бойын, Каспий теңізінің жағалауы мен Жайық өзенінің жоғарғы ағысы бойында және Орал казак әскерлері жеріне дейін көшіп қонды 17 . Адайлардың тарихиэтнографиясын саралауға негіз болар еңбектің бірі Алаштың ардақты ұлы Әлихан Бөкейхановтың жазбалары. 1926 жылы Әлихан Бөкейхановты КСРО Ғылым Академиясы жұмысқа шақырады. Әлихан Бөкейханов осылайша, КСРО Ғылым Академиясының Қазақстанның зерттелмеген аудандарының бірі–Адай уезі қазақтарының тұрмыстіршілігі, шаруасын, антропологиясын зерттеу мақсатымен ұйымдастырылған экспедиция жұмысына қатысып, жинақтаған материалдары негізінде «Казахи Адаевского уезда» атты еңбек жазып, еңбек экспедицияның басқа материалдарымен бірге 1927 жылы Ленинградтан жарық көрген. Ә.Бөкейханов Адайлардың шежіресін қоныстануы негізінде схемамен берген. Адай тайпасы қауымдарының қоныстары Үстірт, Маңғыстау, Бозащы түбегін алып жатты. Гурьев, Темір, Маңғыстау уездерінің болыстары негізінде 1920 жылы Адай уезі құрылды. Адай уезінің негізгі аты айтып тұрғандай адайлар құраған.1925 жылғы дерек бойынша Адай уезі әкімшілік жағынан 27 болыс, 21611 шаруашылық ауылға бөлінген, онда 127 798 адам болып, адайлар 24 болысында тұрған 18 . Түпқараған болысын құраған мұңаладайлар Кетік түбегінде; Бозащы болыстарын (Бозащы төрт болыстан тұрған) құраған жеменей мен жары руларының қоныстары Бозащы түбегінде; 1ші Бозащы болысының екі әкімшілік ауылының адайлары мен олжашы руының қауымдары Үстірттегі Қойғалы және Бабахан шатқалдарында; 3ші Бозащы болысындағы қырсалы және бұсырман рулары Ембі (Жем) өзенінің оң жақ бетіндегі Қарақұмда; 4ші Бозащы болысынан қойсары руы Кенжалы өзені, ал қоқай руы Сағыз өзенінің бойында; 4ші Адай болысындағы тобыш руы Қаратүлей сайы мен Сам аралығында, бұл болыстан бір қауым ғана жазда Темір қаласының солтүстігіндегі Қарақамыста; 5ші және 6шы Адай болыстарындағы қосай руының қауымдары қыста Қарабұғаз бұғазының батысы мен солтүстігінде, жазда Сағыз өзені бойында көшіп жүрген. 5ші Адай болысындағы нұрбай және есек руы жазда Сағыз өзенінің солтүстігінде Темір мен Ойыл аралығында; 1,2,3ші Адай болысының балықшы, тобыш және мұңал рулары Шерқала мен Мұңалжар тауларының аралығында; Келімберді болысынан құнанорыс руы Кетік маңы, осы болыстан екі әкімшілік ауыл Өтес пен Қаратүлей аралығында, ал қараш руы жазда Қобда өзені бойында, қыста Қарабұғаз бұғазының жағасында; жеменей болысындағы бегімбеткедей, ақшакедей және қаракедей рулары Қарақұмда, Ембі өзенінің оқ жақ жағалауында, Түрікпенадай болысынан таңғат, құдайберген және есембай рулары қыста Үстіртте, жазда солтүстіктегі Жәкенді өзенінің жағасындағы Ойыл қаласы маңындағы Көкжар жайлауында көшіпқонған. 2ші Түрікпенадай болысынан ысықжарбол руы Келімберді болысы жерінде, Өтеп руының екі ауылы Маңғыстау таулары етегіндегі Тұзбайыр, Сенгірқұм, Аққуыста; ӘлиБәйімбет болысынан әлижанғозы, жантоқа рулары қыста Бөрібаста, жазда Темір қаласы маңындағы Қарақамыста; жатақ руы қыста Бөрібаста, ал жазда Ойыл өзенінің шығысында Көкжарда көшіпқонған. Жеменей болысындағы Бозащы түбегінің оңтүстікбатыс қиырында қоныстанған шолақ руының ауылы, Тайсойған сағыз болысындағы адайлар, Шилі сағыз болысындағы Сағыз өзенінің солтүстігіндегі адайлар, Ембісағыз болысындағы Жылойқосты мекендеген адайлар, ӘлиБәйімбет болысындағы Бөрібас сайын қоныстанған мамыршайжақай руы отырықшы мал шаруашылығын кәсіп еткен 19 .Түрікпенадай болысын қоныстанған тәңірберген руының бір ауылы Торыш сайын, шалбар руының бір ауылы Кетік сайында қоныстанып, оларда отырықшы мал шаруашылығын кәсіп еткен. Адай уезіне қарасты ТайсойғанСағыз, ШиліСағыз, ЕмбіСағыз, Ойыл, Қазыбек болысындағы адайлар егін шаруашылығымен айналысып, жатақ ауылдарды құраған. Адай ауылдары бір атадан тараған әулеттен тұрып, бір ауылда ең кемі 24 шаңырақ болған. Көшпелі мал шаруашылығын кәсіп еткен адайлар ерте көктемнен бастапақ жайлауға қарай бет алған. Жайлауға солтүстікке қарай көтеріліп Ембі, Сағыз, Ойыл және Хобда өзендері бойындағы жайлауларды иемденген. Көшпелі адайлар арасында қалыптасқан өзіндік көш дәстүрі болды. Көшпелі адайлар мен табындар жыл бойына киіз үйде тұрған, XX ғасырдың бас кезінде қыстау тұрғызуды әлі қолға алмаған. Р.Карутцтың айтуы бойынша қыста киіз үйдің етегіне айнала қи өріп, ықтасын жасаған 20 . Қыс кезінде қойлар мен түйелерді ықтырма деп атаған төбесі ашық айнала киізбен қаптаған қораларда ұстаған. Мал отарын негізінен жылқы құраған. Көшпелі адайлар ірі қараны мүлдем өсірмеген. Адайлар арасында «сиыр қөрсең ұрып өт» деген мақал осыған байланысты айтылған. Мал табынын сумен қамтамасыз ету мақсатында құдықтарды бойлай көшкен және де жыл бойына құдық суын пайдаланған. Жол бойында кездескен ескі құдықтарды тазалап отыру көшпелілердің бір міндеті саналды, ал жайлауда жаңа құдықтар қазып отырды. Тереңдігі 3040 сажыннан асатын шыңырау құдықтарды, көш жолындағы тақыр, қақ суларын адайлар мен табын рулары бірігіп пайдаланғанымен, қалыптасқан көш дәстүрі бойынша құдық суын, сол құдықты қаздыртқан егесі бірінші болып пайдаланған, егер ол болмаған күнде онымен бірге туғандары, бірге туғаны болмаса жақын аталасы пайдаланып, содан кейін қалған ауылдарға кезек берген, дейді антропологзерттеушілер 21 . Шыңырау құдықтар таспен шегенделіп, аузының айналасы таспен немесе қимен көмкерілген құрылыс. Шыңырау басына бүтін тастан немесе бүтін ағаштан ойып жасалған, сыйымдығы 10 шелек су болатындай астаулар қойылады. Астауларды ұсталарға арнайы тапсырыспен жасатқан. Шыңыраулар терең болғандықтан суды 510 шелектей су сиятын меспен тартқан. Мес аузына темір шеңбер немесе шанықбақ деп аталатын шеңбер тәрізді бекігіш қойылады. Мес арқанға 3040 смдей болатын ағаш құрал арқылы бекіп, местеп суды жұмысшы түйе арқылы тартқан 22 . Солтүстіктен жайлаулардағы таяз емес құдықтар таңқы деп аталған. Елді мекендерде құдық қазып, су шығару ісін адайлар ертеден кәсіп қылған. Кезкелген адай азаматы белдеме деп аталған күректі беліне байлап жүрген. Жергілікті адайлардың зерттеушілерге айтуы бойынша ХҮІІХVІІІ ғасырларда мерзімдік қоныстарын жиі ауыстырған. Жазда солтүстікке қарай, қыста кері оңтүстікке көшкен адайлар қыстау болсын, жайлау болсын, қонысқа қай ауыл бірінші келсе, сол ауыл иеленген. Иеленген ауыл суатқа немесе құдық басындағы шөптің басын буып байлаған. Топ будым деп аталатын бұл дәстүр ауылдың сол жерді иеленгендігінің белгісі. Егер басқа ауыл байланған жіпті көрсе, онда олар суатқа тоқтамай одан әрі көші берген. Ертеректе адайлар ескі қыстауларын қонғы деп атаған. Қонғыға тоқтаған ауыл ерлері белдемемен белгі қойған. Адайлар жайлауға көшу жолдарында су көздерін басты нысанаға алып отырды. Оңтүстіктен солтүстікке дейін 900ден 1000 км жер жүрді. Қыстауға қайтар бағытты қоса 2200 км жер жүрген. Ә.Бөкейхановтың 1925 жылы жазған дерегі бойынша 1925 жылдары адайлардың жайлауға дейін көшу ұзақтығы 700900 шақырымды құрады 23 . Бұл мәлімет XX ғасырдың бас кезінде жайылымдық жерлердің тарыла бастағанын нақтылайды. Оның үстіне 19041905 жылы болған жұттан табындар мен адайлардың малдарының жартысына жуығы қырылған. Бұл өңірдегі адайлардың мерзімдік қоныстары Орынбор Бас штабы офицерлері жазбаларында да кездеседі 24 . Адайларының Оңтүстік Үстірттен Ембіге дейін көшу жолдарының бағыты мынадай: Дахла қ. – Ұзынқұю қ. Қарамола қ, Табын су қ. Алан бекінісі Құлбай Арғанбай Қодырбай Ақтөбе Бесшыңырау – Тайжан Жігіт Сам құмдары Керқұдық Қараңғұлбұлақ Шатырлы құмы МыңсуалмасЖелтау тауы – Қандарал (Ембі өзені бойы), Қарасақал (Ембі өзені бойы). Бұл жол тарихта «Адай жолы» деген атпен белгілі. Маңғыстау түбегі адайларының Ембіге көшу жолдарының бағыты: Александровск форты – Ханғабаба Түбеджік Теңгезек Үдек Тарталы Ұлан Жангелдір Тұщыбек Шепе Ажар КүркіреутіӨтес (Үстіртте) Ішкеқырған Қатиза Тайте Қосқұлақ – Мәніш Киекел (Үстірт жотасында) Алақұлаш (Қарақұм құмында), Азнағұл, Қарашұңғыл, Ембі өзені – Боқашы шатқалы. Адайлардың Александровск фортынан Орал губерниясына дейінгі кешу жолы: Александровск форты Хангабаба Қышқайық Үдек Таушек Торыш Қарашыңырау Ақмыс Жармыс Саура Тамды Жәңгіреспе МанатБұғырұслан Өтес – Ішкеқырған Байынты Уәли Танке Қожақамау Бесболат Тұздыорпа Шабайорпа. Адайлар солтүстіктегі жайлауда 23 ай тоқтап, күз басталарда Кері қарай көшіп Закаспий, Хиуа хандығы жерлеріне дейін келген 25 . Жылдық 60120 күнінде адайлар көшіп жүрген. Қыс кезінде малы көп адайлар малдарын Хиуа хандығы жеріне қарай айдаған. Қыс кезінде адайлардың Александровск фортынан Хиуа хандығы жеріне көшу жолдары: Александровск форты Хангабаба Қыштан Бүрліген Беке Бесқұдық Борлы – Ащыербас Сұмса Селек Бесақты Сұмқию Босаға – Қарақұм Байлар Қитар Ұзын Қипыр Айбөгір. Адайлардың бір бөлігінің қыс кезіндегі Александровск фортынан Красноводскіге дейін жүру жолы: Александровск форты Сақа құдық СаураТөлқұм Қораджашы Қарамола Ақшұқыр Қаракөл – Үкерек Ұлықию Ақеспе Сайқию Қожанияз Көктас Кендерлі Темірбаба ҚосащыҚарашымрау – Қарасыңыр Қайбата Өмірай Дүлдүлата. Адайлар Хиуа хандығының жерлерін қысқы жайылымға пайдаланғаны үшін 1 түйеге 10 тиын, бір жылқыға 5 тиын, бір қой үшін 2 тиын шөп пұлын төлеген 26 . Көшпелі адай ауылдары қыс қатты болған жылдары оңтүстікке қарай Хиуа хандығының жерлеріне қыстауға көшкен. Үстірттің оңтүстігіне қарай қоныстанған адайлар мен табындардың көшу жолдары бөлек болды. Үстірттен адайлар мен табындар қонысының шекарасы Салы өзенінің орта бөлігінен оңтүстікке қарай Қартпайсор шатқалы атқарды. КСРО Ғылым Академиясының 1927 жылы Адай уезінде жүргізген зерттеуі бойынша Адай уезінде 29674 адам тұрған. Ал, 1911 жылғы дерек бойынша адайлар қоныстанған Тайсойғансағыз болысында 7425, Шилісағыз болысында 7627, Ембісағыз болысында 7375, 1ші Адай болысында 5507, 2ші Адай болысында 9525, 3ші Адай болысында 7967, 1ші Бозащы болысында 7531, 2ші Бозащы болысында 6885, 3ші Бозащы болысында 7825, 1ші Маңғыстау болысында 8291,2ші Маңғыстау болысында 5893, Жеменей болысында 9073, Райымберді болысында 4777, Түпқараған болысында 7307, 1ші Түрікпенадай болысында 8803 адам болған 27 . Көрсетілген алдыңғы үш болыста адайлар байұлы, табын руларымен аралас отырса, қалған болыстарды толығымен дерлік адай рулары құраған. Осы тұста айта кету керек адайлар Бөкей Ордасы рутайпаларын құрауға қатысқан. 1828 1829 жылдары Бөкей Ордасынан 610 адай шаңырағы тіркелген 28 . Маңғыстау уезі халқының да басым бөлігін адай руы құрап, олар табындармен көршілес қонды. Маңғыстауда 1890 жылдары 20 мыңдай қыстау болған 29 . Адай қыстаулары Үстірт қыратын, Маңғыстау түбегін, Бозащы түбегін жайласа, табын қыстаулары Маңғыстау уезінің батыс бөлігін алып жатты. Маңғыстаулық адайлар да көшпелі мал шаруашылығын кәсіп етті. Олардың алысқа көшуі, мал отарында мал санының көп болғандығын анықтайды. Маңғыстаулық адайлар мен табындар табиғи су көздері, өзендер мен көлдердің аз болуына байланысты, қыстауда отырғанда малдарын құдық суымен суғарған, 1870 жылы Маңғыстау өңірінде әскери қызметте болған полковник Н.П.Ломакиннің жинаған мәліметтері бойынша Маңғыстаулық тайпалар да құдық қазуға көп көңіл бөлген. Маңғыстаулық, Үстірттік тайпалар шыңырау құқық қаздыруға 100 майда мал басын төлеген 30 . Н.П.Ломакин бойынша 1870 жылы Маңғыстауда 1139 құдық болса 31 , 1899 жылы бұл жерде барлығы 4168 құдық есепке алынған 32 . Бай шаруашылықтар бірнеше құдықтан иеленген. 1892 жылы Маңғыстауда болған әскери комиссия 363 құдық пен бұлақ көзін көрсеткен 33 . Маңғыстаудағы шыңыраулар Хиуаға баратын керуен жолының бойында орналасты 34 . Маңғыстаулық тайпалар құдық суын жыл бойына пайдаланып, малды құдық суымен суара берген.