РефератыҚазақша
Тең құқықты ынтымақтастық
≈ 1 мин чтения

Саяси партиялар мен қысым топтарының арасындағы ынтымақтастық партиялар мен топтар қандай да бір мәселе бойынша біртұтac майдан болып қимылдауға уағдаласқан ерекше жағдайларда кездеседі. Бұған мысал ретінде Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін I Леопольдқа қарсы күресу үшін солшыл партиялар мен топтар Бельгияда құра бастаған ұйымдарды; азат етілгеннен кейін де бір бөлiгі бірaз уақыт бойы қимылын тоқтатпаған 1940 1949 жылдардағы Қарсыласу топтарын; OCS (армияның құпия ұйымдары) пен «ультрарадикалдарға» қарамақарсы Францияда 19601962 жылдар аралығында құрылған комитеттерді айтуға болады. АКШта сайлаулар кезінде кәсіподақтар кейде Демократиялық партиямен бірiктi. Мұндай жағдайлар басқа елдерде де орын алды. Бірқатар француз клубтары мен азаматтық ұйымдар СФИОмен біргe 19641965 жылдары Гастон Деферрдің кандидатурасын өткізбек болған «Көкжиек80» қозғалысына бipiктi.
Саяси партиялардың қысым топтарымен тұрақты ынтымақтастығының мысалын біз социалист партиялардың кәсіподақтармен, өзара көмек қоғамдарымен және кооперативтермен бірлесе қимылдайтын Скандинавия елдерінен де табамыз. Кәсіподақтар партияға, партиялар кәсіподақтарға бағындырылмаған; олар тек бірбірiмeн тығыз байланыс жасайды. Тап осындай жағдай 1940 жылға дейін Бельгия Социалистік партиясында болды. 1965 жылдың көктемінде Гастон Деферр ұсынып, жыл соңында Франсуа Миттеранның арқасында Францияда құрылған «Демократиялық социалистік федерация» партиялардың, клубтардың және азаматтық ұйымдардың ықпалдастығына негізделді.