РефератыҚазақша
ЖАС АҚЫН ЖЫРЛАРЫНДАҒЫ ҰЛЫ АБАЙ ДӘСТҮРІ
≈ 2 мин чтения

“Абай лирикасын талдауға кіріспес бұрын, әуелі, жалпы лирика туралы бірекі ауыз сөз айту артық емес. Лирика – поэзияның негізгі үш (эпос, лирика, драма) түрінің бірі. Лирикалық шығармаға көбінесе ақынның ішкі дүниесінің сезім күшімен тебірене толқуы, оның жеке өз басының көңіл күйі, күйінішсүйініші тән. Ақын басында болатын мұндай толғаныс оның өзі өмір сүрген мезгілге, өзін қоршаған әлеуметтік ортаның моральдық бітіміне тығыз байланысты екені даусыз. Ақын қуана шалқыса да, жабырқай толғанса да, лирикада сол өз кезінің шындығы мен сыры жатады. Оқушы мұнан ақын өмір сүрген дәуірдің рухын, жайжағдайын байқап, халкүйін аңғарып отырады”, – деп, жазады. Алғы сөзін жазған Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулетов. “Жас ақындар жырларының антологиясындағы” “Жыр патшалығы немесе алғы сөз орнына” атты беташар мақалада: “Меніңше, әдебиетшілер мен оқырмандардың “Поэзия қандай болуы керек?” деген сауалға нешеме ғасырлар бойы жауап іздеп, бір пәтуаға келе алмауында жастық пен кәріліктің әрқайсысына ғана тән кейбір нәзік сипаттарды ескермеу жатқан сияқты. Өйткені, көктем мен жастық шақ поэзияның айнымас серіктері ретінде көбінесе қатар аталады. Ыстық сезім суынған сайын оның орнын салқын қанды ой жайлайтыны ақиқат. Сонда қайсысы бағалырақ, қайсысы әсерлірек, қайсысы керегірек?” – деп сауал қояды. Бұған жауапты академик З.Қабдолов өзінің зерттеу кітабында: “Сөз өнеріндегі сыр мен сымбаттың үлгісі қандай? Мұның жауабын да Абайдан табамыз. Ол үшін Абайдың лирикасын пайымдап байқау шарт. Абайдың лирикасы – кең көлемді мол қазына; биігі бітпес, тереңі таусылмас сырлы мұра. Алдымен, Абай – ақын. Ақын болғанда бүкіл бір халықтың, ұлт мәдениетінің ғасырлық мерейі, әдебиетінің заңғар биігі болған данышпан, классик ақын. Олай болса, Абай творчествосының дені – поэзия. Ал, сол Абай поэзиясының дені – лирика. Осының өзіненақ, үлгі айтқанымыздай, мұның қаншалық шалқар теңіз екені белгілі” – деп жауап береді. Қалай десек те, “лирика – ақынның бір сәтте жетіскен нұрлы ойы, жарқ етіп, тұтас көрінген ішкі сырлы дүниесі” болса, Тәуелсіздік кезеңде әдебиетіміздің табалдырығын аттап, төріне ұмтылған жас ақындарымыздың ұлы Абай дәстүрін жалғастырудағы аяқ алысы қалай, өзге толқындарға ұқсамайтын бетбейнесі, ерекшелігі қай дәрежеде, бағытбағдары қандай деген жауабы күрделі сұрақтарға өлеңдерінен негіз іздедік. Ақсұңқар АқынБабақызы 1975 жылы Монғолия жерінде ҰланБатыр қаласында дүниеге келген екен. 1993 жылы атамекенге оралып, Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы университеттің филология және тарих факультетін 1997 жылы бітіріпті. “Тауға шыққым келеді” атты топтама өлеңдерімен жас ақындар жырларының антологиясын ашыпты. “Мен – Ақсұңқар! Құстың баласы – Аққу да емен, Қаз да емен… Өмірге көңіл наласы: “Ой түбін үңгіп қаз!” деген! Өлеңнің шоғын маздаттым, Бұйырғай Төрден нәсібім?! Қиылған қыршын Боздақтың Төгілген Нахақ жасымын!..” – деп бастайды. Өлең атой салып, әдебиет есігін еріксіз қаққылап, “Мен келдім” деген сөзін айтқандай. Осындай үлкен жүрекпен басталған жырдың жалғасы оқырманды біршама суытып тастайды. “Моңғолдан көшіп келгемін… Үйсіз де күйсіз сенделдім” дейді. Кім үйсізкүйсіз болған жоқ, бұрынғы бодан еліміз де? Кім сенделген жоқ, Кеңес өкіметінің өктемдігі кезінде?!