РефератыҚазақша
Зиярат ету салтындағы «айналу жоралғысы»
≈ 1 мин чтения

М. Сенбі Бабырдың жазбаларындағы оның Дели (Үндістан) маңындағы ШейхНизам әулие мен Қожа Құтпыаддиннің мазарларын айналу жоралғысын (айналмақ) жасағандығы жөніндегі мәлімет келтіре отырып, мұндағы ғұрыптың мәнмағынасын былайша түсіндіреді: «Осындай айналудың мәні жай ғана әулиеге деген құрметін білдіру емес (бұл — ғұрып семантикасының екінті (вторичный) қабаты), өмірден өткен даңқты әулиелердің батасын алып, шапағатын иелену тілекпейілінде жатыр» 1313 . Бұл жерде де айналмақты кескіндеп көрсетуге болады: кіндік нүкте — әулиенің мазары, әулиенің қадірқасиеті, батасы, межелік нүкте осы қадірқасиет пен батаны алуды мүмкін ететін сыртқы, аралық инстанция. Межелікнүктеден өту барысында айналушы сол нүктенің қадірқасиетін (шапағатын) алмайды, өйткені, бұл нүкте — бар болғаны кіндік нүктенің эманациясы, сыртқы көресіні ғана; ол өз қасиетін емес, кіндік нүктенің қасиетін уақытша түрде ғана айналушыға беруге мүмкіндік беретін инстация ғана.