РефератыҚазақша

Оңтүстікте бензин құйылған 12 цистерна отқа оранды (фото, видео)

≈ 1 мин чтения

inform.kz

inform.kz

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Мұнай» ЖШС мұнай базасында бензин құйылған цистерналар мен сорғы станциясы өртенді.

Bnews.kz-тің мәліметінше, оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынның көршілес резервуарларға таралуына жол бермес үшін көбік шашқан.

«ОҚО-дағы «Мұнай» ЖШС мұнай базасында отқа оранған бензин толы 12 цистерна мен сорғы станциясын сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. 100-ге тарта өрт сөндіруші мен 20-дан аса техника жұмылдырылған. 11:57-ге қарай оқиға орнына өрт сөндіру пойызы аттанды. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтау үшін көбік шашып жатыр», – деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Төтенше жағдайлар комитетінің өкілі қазіргі уақытта екі цистернаның сөндірілгенін хабарлады.

inform.kz

04 08 - pozhar 3

inform.kz

inform.kz

Айдар ӨРІСБАЕВ

Читайте также: БҮГІНГІ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІ ЖӘНЕ ӘДЕБИ НОРМА

Все материалы раздела: Рефераты