РефератыҚазақша
Түркия премьері такси жүргізушісі болып, халықпен тілдесті (видео)
≈ 1 мин чтения


muslim.kz
Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым Анкарада арнайы такси көлігімен адам тасып, ел азаматтарын толғандырған мәселелерді халықтың өз аузынан естіді.
Muslim.kz-тің мәлімет бойынша, үкімет басшысының такси жүргізушісі қызметін атқарған видеосы YouTube желісінде кеңінен тарап кетті.
Бейнежазбада жолаушылардың такси жүргізушісінің орнында премьер-министрдің отырғанын көріп, аң-таң болғандары анық көрінеді.
Үш сағат ішінде Бинали Йылдырым ел азаматтарын тегін тасымалдады, олармен әртүрлі тақырыпта әңгімелесіп, өтініш-тілектеріне құлақ асты.
Қала тұрғындары өз кезегінде үкімет басшысына әлеуметтік-экономикалық, денсаулық сақтау саласы және терроризм мәселелері алаңдататынын жеткізді.
Айдар ӨРІСБАЕВ