РефератыҚазақша
Күлтөбенің басында әділдігін тапқан бір дау
≈ 6 мин чтения

Нәбиден Әбуталиевтің «Наркескен» романынан беріліп отырған үзіндіде XIX ғасырдың ортасында Күлтөбенің басында іргесіндегі жалшысымен жақындасып, ертінің көзіне шөп салды деп айыпталған жаңа түскен келіннің қарау суреттелінеді. Оқиға желінен қазақ, даласында сот iсін жүргізудің ашық іске қатысушыларға шек қойылмайтындығын, дала жұртында сот ісін жүргізудің мақсаты әділдікке жету екенді тартымды бейнеленіп көрсетілген. «… Күлтөбенің басы толған халық. Улышуылы көп ала шұбар жұрт. Әр жер әр жерде «бетімай, елді қайтіп көреді, «тірідей елім болдыау» деген сездер. «Кесімі немен тынар екен», «Бәйекең не айтады»… Осылай үн қаққан беймәлім, ұшпа күдік. Қамыс құлақ ақ боз атымен билерін, бектерін, мырзаларын, ауылнайстаршындарын, қосшықолаң батыр жігіттерін шұбыртып ерткен Баймағамбет келді төбенің басына. Аттарынан түсіп алқақотан жиылған ел екіге бөлініп жол беріп, дабырдұбыр боп қалды. Есерсоқ пасық, жағымпаз жігіттер жүгіріп, жалмаңдап Байекеңе бipдeңeлepдi айтып жатыр. Турабай би коп бидің бүкіл кемеш болғанымен анаумынауға дыз етпе емес, кен, берік адам еді. — Жамиғат, сіздерге ұлан жайдың сырын баяндайын, деді ол асықпайсаспай бипаздап сөйлеп… — Кеше дүйсенбінің азанында бей опалық ic болған. Шариғатқа шар салған сорақылық. «Мінсіз — құдай, кірсіз — ай» деген. Жалғандағы өзгенің бәрінен не пәле арамдықты күтуге болады екен, халайық.
Алдарыңызда тұрған бір еркек, бip ұрғашы құдайдың құлы, мұсылманның пендесі.. Eкеyi де құныкер, уәделесін, құдық басында кездескен… Ұрғашысы, атын айтуға да жан именеді осы уәлаяттың құрметті ханшасы, байтақ елдің қысын жаз, күзін көктем қылып отырған Байеке сұлтанның сүйікті Өздері айтсын, қайтіп түлен түрткенін. Албасты басты ма, ібіліс басты ма? Жұрт тоқталғандай боп шауқылдасып, шуласып кетті. Ұруға, дүре соғуға дайындалып, мұрты селтиген атып кел, шауып көлдер, сойылшыдойылшы босаға жігіттер білектерін сыбанып «өйдөйт» деген дауысты күтіп тұр. Тұрабай би мұсылманша pәciм айтып, күнәһарларға сөз берді. Жас келін: Азанда су әкелуге шыққанмын. Ала көлеңкеде тұрып, екі шелегімді иін ағашпен иығыма іліп, құдық басына келдім. Қауғамен су тартайын деп жатсам басқа бір құдықтан адам даусы шықты. Құдық басына адам келгенін естіп «ау, кім барсын» деп айқайлады. «Бейсауыт кім болды екен» деп барсам — мынау жігіт, терең құдықтың ішінде тур сусу боп. Төлге келдік. «Қапиядан құдыққа құладым» дейді. Қалай түсіп, қалай қойғанын бiлмeймін. Көмек сұрады. Ауылдың адамы екен, қол ұшын берейін дедім. Шыңырау құдыққа қауғаның сабы жетпеді. Сонсын басымдағы ұзын жібек шарқатымды алып, соның бip шетін ұсындым. Бір шетін құдық тілде тұрып ол ұстады. Мен сыртта құдық жиегінде тұрып тартып шығаруға әрекет қылдым. Көп тарттым, бекерге әуре болдым, үлкен ер адамды шығару оңай емес екен, күшім жетпеді. Бip мезетте тартып жатып, құдыққа құп беріп өзім құлап кеткенімді білмей қалдым. Жас арудың лебінен сөз емес, бал тепкілегендей, қамыққан өкінішті үні аяныштыақ. Денесі сүт құйған ақ торсықтай екен. Мерт айт, мерт айт, — деген дауыстар естілді. Еріме қылдай қиянатым жоқ, құран төлейін, атабабамның аруағы атсын, деп қарғаңды ол, жылап, жанарын жасқа толтырып тұрып. Екіншісі — қара сөйлесіп. Жалшымалай: — Той болды. Ауылда қонаққопсы көп еді. Тойдан кейін құдықтың суы азайған екен. Бес құдық қазып едім. Бесеуінің де суы жетпеді. Кешке қарай кезеп тастасам, ертеңгісін ел тұнық су — деп ойладым. Көйлегімді шешіп сыртына қалдырып құдықтың ішіне түcтiм. Су көзін айнадай қып аршыдым, жел тұрғанда құм Түсіп қалыпты. Кезеп боп далаға шықсам, әлгіде шешіп қалдырған көйлегім ұштыкүйлі жоқ боп кетті. Жалаңаш күйімде айнала жүгіріп көйлегімді іздедім. Көйлек жоқ. Анадай жерде құдықтың жиегінде бірақ қашар тур еді. Соның аузынан көйлегімнің жеңінің ұшын Көріп қалдым. Ызаланып кетіп құйдым, құдықты айнала қашты, құйрығынан ұстатпады, ұстаймын деп жүргенде аяғым тайып кетті, ешкім шыңырау құдыққа ұшып, омақаса құладым.
Күн кешкірген болатын: құдыққа су алуға ешкім келмеді. Әpi айналып, бері айналып қалай тырбансам да құдықтан шыға алмадым. Таң атқанша құдық ішінен белуардан суға малшынып тұрдым…. Кезекпекезек азулы шешендер мен қосшы билер сөйлейді. Бұл не масқара! Ат құйрығына сүйрету керек. Адал бақан аттады, талақ етілсін! Жанған отқа лақтыру керек. Зынданға тасталсын. Тұрабай би сезден тосылды ма кім білсін, аз үнсіз, кабагы тұнжырап қалып еді. Сәл жоғарырақ отырған Баймағамбет сұлтан етін кімнен аларын білмегендей, билікті өзі қолына алғандай боп, айналасына ажырая қарап бүркітше шүйіліп: Мен өңшең билерге — Тәттіден тәтті не бар, қаттыдан қатты не бар, ауырдан ауыр не бар, — Соған жауап беріңдер деп үш күн мұрсат бердім, — деді маңғазданып, дүйім елге айнала біреуісің іздегендей тінте кез тастап. — Солардың бipi былай жауап берді: — Тәттіден тәтті— ерлізайыпты адамның татулығы, одан жоқ; қаттыдан қатты — адамның миы, дүниеде бастағы мидан мықты, одан қатты нәрсе табылмайды: ауырдан ауыр — ерлізайыпты кісінің бірбіріне берген уағдасы екен. Дұрыс сөз, Байеке, ақылды сөз, — деген дауыстар жамырай естіледі. Уағдада, берген сөзде тұрмаған жанның қоры емес пе? Қарғыс атсын бүйткен кeлiндi! Тапатал түсте қаралық деген ожар, қара күш адалдықты жығып салып, «ме саған, со керек» деп басынан күш алып көреркөзге үстінен баса жаншып аттап кеткендей болды. Осы кезде үй шығатын боп екі жас өмір сағағынан үзуге сәлпәл қалған шақ eдi. Жұрт аттай тыпыршып, топырласып, бірінебipi жалтақжалтақ қарасып толқып тұрған. Берсеңіз, елесеңіз менде бip ауыз сөз бар, халайық! Айт, айтсын! Дауыстар шығып, тағы да уылшуыл, қыбырсыбыр кебегін төбе басы дүрілдеп кетті.
Халықтың шетіне таман отырған тарамыс қара адам орнынан түре келді Үстіне түйе жүн шекпен, белін буынып алған. Елдің бәрі желмен жайқалған құрақтай жапырылып, не мәмле екен, дегендей соның аузына қарай қалды. Ә, бәрекелді міне, табылған сөз. Өркенің өссін, бағың жансын, деп жатыр халық шуласып. Қыдыр дарысын, кім болды екен мұны айтқан? Жанқожа, Жанқожа деген кедейді естіп пе едіңдер? Кенен баласы, Бегайдар құмынан келіп отыр, — деді елшінің жанындағы еңгезердей сары кісі. Билер де, султандар да Жанқожаның айтқанын екі етпеді. Ақ қашарды әкеліп ішін жарған ішінде оратылған кедейдің ескі көйлеп шыға келді. Екі құныкердің екеусіне де сол бойда бостандық берілді. Жеті ғылымды тауысқан ғибадат екенсің, — деді Тұрабай би, Жанқожаға таянып келіп. Баймағамбет «мына кедейге ерттеулі ат дайындаңыз», — деді, биге. Сонда Жанқожа тұрып: Атты неғылам, байеке, айдап мал болмайды, сауып сауын болмайды, оған мінгенмен бәрібір меңің кедей атым қалмайды.Құлдың тақсыр, сыйыңызға. Сізге екі ауыз сауалмен келдім, құп алсаңыз ертең азанда ез алдыңызға ақ ордаңызда айтармын. Бүгін даудан кейін дау үстіне сауал жүрмейді, бұрынғылар солай деген, жақсы дем алыңыз, — аға сұлтанға ілтипат көрсетіп…»