РефератыҚазақша
Көп полюсті тепе-теңдік саясаты
≈ 10 мин чтения

Ресурстары тең болмағанымен, табиғи алалық туғызбайтын көптеген бәсекелес елдердің халықаралық жүйесін алып қарайық. Мәселен, 1910 жылғы Франция, Германия, Ресей, Англия, Австро Венгрия, Италия. Егер осы мемлекеттер тепетеңдікті сақтағылары келсе, жалпылама монархиядан бас тартудан туындайтын кейбір ережелерді сақтауға тиісті болды. Мынадай болуы мүмкін: айталық, анықтама бойынша, басқаларға үстемдік етуі ықтимал мемлекет қоғамдастыққа қарсы шығады. Мұндай жағдайда белгілі бір соғыста жеңіп шыққан (басқаларға қарағанда одан артықшылық пен пайданы көп тапқан) мемлекет күні кешегі өзінің одақтастары үшін дереу күдікті болып шығады. Басқаша айтқанда, татулық пен араздық көбінесе уақытша нәрсе, өйткені олар күштердің ара салмағына байланысты болады. Осындай ой сорабына бақсақ, күші зорайып келе жатқан мемлекет өзінің кейбір одақтастарының өзгеріп кету ықтималдығын әрдайым ескеріп отыруға тиіс; өйткені олардың тепетеңдікті қалпына келтіру үшін басқа лагерьге шығып кетуі мүмкін. Ал енді әркімнің өзінөзі қорғауға бағытталған мұндай қылығын алдынала аңғару мүмкін болғандықтан, жаңағы күші зорайып келе жатқан мемлекеттің қоқан лоққыны азайта түскені ақыл болады; әрине, егер ол көшбасшы боламын деп немесе империяға айналамын деп жанталаспаған болса.
Ал егер ол шыныменақ көшбасшылыққа ұмтылатын болса, өзгеге беймазалық туғызғаны үшін барлық саябыр мемлекеттер өзіне жау болып шықса, саған әзір болуы керек. Осы сияқты жалпылама, турасын айтқанда, жадағай сөздерден әрірек барып, көп полюсті жүйеге қатысушылардың сақтағаны дұрыс боларлық айқын ережелерді атап айтуға болар ма еді? (Бұл жерде әңгіме оқиқаға қатысушы елдер белгілі бір жүйені сақтап қалып, оны қорғауға ынталы деген тұжырымды негізге алған жағдайдағы іс қимылдың ықтимал орындылығы мен пайдалылығы жайында болып отырғанын түсіндіре кету артық болмас). Американдық автор Мортон А. Каплан өзі күштердің балансы (balance of power) деп атап, әлде бір үлгі схеманың қолданылуы үшін осылар қажетті және жеткілікті деп санап, алты түрлі ережені тұжырымдап берді.
Менің ойымша, біздің қазіргі айтып отырғанымызға солар сәйкес келетін сияқты. Ол алты ереже мынадай: 1) бұл схемадағы әрбір жақ өзінің қабілетін (capabilities) арттыра беру бағытында әрекет етуге, бірақ сонымен бірге соғыстан гөрі келіссөзді жақтауға тиіс; 2) әрбір жақ үшін қажет болған жағдайда өзінің қабілеттерін арттыру үшін соғыс бірінші орында тұрады; 3) әрбір жақ жүйеге қатысушы «басты ұлттық мемлекетті» шеттетуден гөрі соғысты тезірек тоқтатуды көздеуге тиіс; 4) егер әлде бір одақ немесе мемлекет жүйеге қатысатын басқа елдерге үстемдік ететін жағдайға ұмтылатын болса, осы жүйеге қатысушы жақтар оған кедергі болатындай қимыл жасаулары қажет; 5) жүйеге қатысушы мемлекеттер арасында ұйымдағы ұлттардан жоғары тұрамын дейтін ниеттер байқалатын болса, әрбір мемлекет ондай ниетті іркіп отыруға (constrain) бағытталған қимыл жасауға тиіс; 6) осы жүйеге қатысушы ұлттық мемлекеттер жеңіліске ұшыраған немесе белгілі бір жағдайда күшпен көндірілген болса, оның қолайлы әріптес ретінде жүйеге қайтып оралуына мүмкіндік берілуге тиіс. Сондайақ жүйедегі бұрын әлжуаз саналып келген елдердің маңыздылар қатарына шығуына көмектескен мақұл. Жүйе шеңберіндегі маңызды саналатын мемлекеттердің барлығы да қолайлы әріптестер деп есептелуге тиіс. Осы аталған алты ереженің ішінде біреуін алдымен бөліп қарастыру керек: ол барлық халықаралық жүйелерге қолданылатын тепетеңдік ұстанымының қарапайым көрінісі болып табылатын төртінші ереже. Дэвид Юмның очеркін қарастырғандаақ біз оған назар аударғанбыз. Егер сөзбесөз мағынасында түсінетін болсақ, басқа ережелердің ешқайсысы да дәл сондай көрінеу айқындықпен де, және дәл соншалықты жинақты түрде көріне алмайды.
Бірінші ережеде баршаның баршаға қарсы күресі деп сипатталатын қандай да жүйеде барлық жақтарға мүмкіндігінше өз қабілетін (ресурстарын, құралдарын, күштерін) арттыра беру жүктеледі. Бұл жерде әркім өзінеөзі есеп қылатындықтан, ресурстарын арттырудың қандай түрі де игілік деп қаралады, бірақ ондай жағдайда ол мемлекеттің төңірегінде ешқандай өзгеріс болмауы керек. Алайда белгілі бір мемлекет өз ресурстарын молайтып жатқанда, оның одақтастары мен бәсекелестерінің не ресурстарында немесе олардың атқаратын ролінде, не болмаса солардың қай қайсысының да бұған қатынасында өзгеріс болмауы өте сирек ұшырасады. Ал енді соғыстан гөрі келіссөздердің тиімділігіне келетін болсақ, көзделген экономикалық нәтижеге (өндірісте және кірістерде) ең аз шығынмен жету жөніндегі қисын сияқты, мұны да ақылды саясаттың қисыны деп есептеуге болады. Алайда бұл арада сонымен бірге әрекет етуші жақтың өзімшілдік және атақдаңқ деген нәрселерді еске алмағаны талап етіледі. Өзінің «қабілетін» арттыру үшін соғысу керек пе деген мәселе ақылға сыймайды.
Әрине, жадағай ойға салсақ, деңгейлес жағдайлардың қайқайсысында да, халықаралық сахнада әрекет етуші кезкелген персонаж қабілет атаулыны неғұрлым көп иеленуге тырысады. Ал бірақ әлдекім мемлекеттің қай уақытта соғысқаны тиімді болатынын анықтамақ болғысы келсе, онда әңгіме мүлде дерлік мәнсіз тұжырымдарға апарып тірелер еді: Ондай тұжырымдар шамамен мынадай болуы мүмкін: егер мемлекеттің соғыстан табатын пайдасы ондағы ықтимал шығындар мен зияндардан асып түсетін болса, тек сонда ғана ол мемлекет соғысты бастай алады; ал соғыста жеңіске жетуі неғайбыл болған немесе тіпті жеңіліп қалуы да ықтимал болған жағдайда жаңағы айырмашылық одан әлдеқайда көп болуы мүмкін. Бірақ әлгі тұжырымдардың қайсысын таңдаған жағдайда да, қару қолдану арқылы қабілетті арттырудың мүмкіндігі жеткіліксіз болып шығады. Классик авторлардың айтуы бойынша, бәсекелестің күш қуаты артып кетіп, оның тарапынан көшбасшы болу қатері төнген жағдайда ғана оған қарай соғыс бастау орынды және заңды болмақ. Ал енді әлдебір мемлекет басымдыққа жеткен ше өрлеп кетіп, көршілері соның билігінде қалғанша бейтаpaп күйде қарап отыруда моральға жат ештеңе жоқ, бірақ ол өте қатерлі. Үшінші және алтыншы ережелерде бірбіріне ептеген қайшылық бар, немесе, тіпті қайшылық жоқ дегеннің өзінде, олардағы ықтималдық әртүрлі сипатта болмақ.
Көп полюсті тепетеңдік жүйесінде көреген мемлекет қайраткері жүйеге қатысушы негізгі мемлекеттердің біреуін шеттетуге тәуекел етпейді. Егер соғыстың барысында жүйенің тепетендігі үшін қажет болатын уақытша қарсыласы жойылып кететін болса, ол соғысты ақырына дейін созбайды. Ал егер оқиғаға қатысушылардың біреуін шеттеткен жағдайда, тікелей немесе санама жолмен оның орнына дәл сондай тағы бір балама сахнаға шығатындай болса, онда жаңағы көреген басшы солардың қайсысы мұның төл мүдделеріне деп келетінін анықтауға тырысатын болады. Бесінші ереженің мәні мынадай ұстанымға парапар: белгілі бір жүйедегі қандай да бір мемлекет қандай да бір идеологияны ұстанып, соның талаптары бойынша әрекет ететін болса, ол сонысыменақ қарсылас болып шығады. Мұндай қылық көп полюсті тепетеңдіктің қалаулы үлгісімен қатаң н і асып жатуы міндетті емес. Әрине, бұл сияқты тепетеңдік әдетте мемлекеттердің бәсекелестігі жағдайында көрінеді де ондағы әрбір мемлекет өз бетімен жекедара қимыл жасайды да, тек қана өз мүддесін ойлайтын болады; сол себептен де өзінің шекарасынан тыс жерден өзіне жақтастар іздейтін мемлекет, әмбебап ұранды көтеруші болып көрінетіндіктен, дәл осы себеппен ғана, басқаларға қатар төндіретін болады. Алайда ұлттық мемлекеттер мен ұлтаралық идеяларды көтерген мемлекеттер арасында сөзсіз туатын дүрдараздықтан олардың біріншілері екіншілеріне қарсы сөзсіз соғыс ашуға тиіс деген пікір қалыптаспауға тиіс: барлық мәселе күштердің ара салмағына және ұлтаралық идеямен әуестенушілікті қарудың күшімен жоюға немесе әлсіретуге болады деген дәменің дәрежесіне байланысты болады. Жалпылай айтқанда, осы ережелердің барлығының да астарлы, көлегейлі түрде көздейтіні тепетендікті және жүйенің өзін сақтау мемлекеттердің бірденбір мақсаты немесе ең жоқ дегенде ең басты мәселесі деп ойлауға болар еді. Ал шындығында олай емес.
Осындай мақсатпен, осындай міндетпен аздыкөпті саналы түрде әрекет ететін мемлекет деп Англияны санауға болар еді; шындығында да оның тура мағынасындағы тепетеңдікті қолдаудан және қай заманда да көшбасшылыққа ұмтылатын ең күшті мемлекетті әлсіретуден басқа мүддесі жоқ. Құрлықтағы мемлекеттердің бірдебірі тепетеңдіктің жеке белгілері мен бөлшектеріне бейжай қарай алмайтын еді, тіпті ол үстемдікке қарай ұмтылғанның өзінде де солай болды. Бекіністері мен аймақтары, шекара белгілері болсын, ресурстар бөлінсін құрлықтағы мемлекеттердің әрқайсысының жанжал кезінде көздейтіні осы ғана болатын, олар сол жанжалды тек өз пайдасына шешуге ғана ұмтылатын. Ал енді өз мақсаттарына жету үшін басты бәсекелестерінің әлде біреуін жоқ қылуға олардың дайын тұратындығы ақылға сыймайтын жағдай емес еді, өйткені істің беті солай қарай бұрылатын күнде де жүйені қайта құруға әбден болатын ды. Еуропадағы жанжалдарда басты себеп ретіндегі Германияны жою үшін оны екі немесе одан да көп Германияға бөліп жіберу деген ниет француз саясатының тұрғысынан алғанда ақылға сыйымсыз нәрсе емес еді; себебі ондай жағдайда Еуропада тіршілік етуші негізгі мемлекеттер санын азайтып қатер тудырмайақ, Франция өз тұғырын нығайта алатын еді.
Еуропалық мемлекеттердің таза ұлттық саясаты діни соғыстар мен Француз революциясының соғыстары арасындағы біршама азғантай ғана уақытты қамтыды. Діни соғыстардың тоқтатылуы оларды заңнан тыс деп жариялаудың немесе ұлтаралық идеяны көтеруші мемлекеттердің толық киратылуының нәтижесі емес, мемлекеттің жеке адамнан артықшылығын орнықтыру жолымен болған іс еді. Тіпті шын ниетімен құлшылық етпесе де, жеке адамдарға иелік ететін шіркеуді енді мемлекеттің өзі белгілейтін болды; өздерінің қай дінді қалайтыны әр адамның өз еркінде болатын жағдайда мемлекет тіпті диссиденттерге де төзімділік білдіретін болды. XVII ғасырда Еуропадағы бейбітшілікке кешенді дипломатияның арқасында қол жеткізілді, ол мемлекеттердің тепетеңдігін қалпына келтірді де, шіркеу мен діндер арасындағы жанжалдың бұл тепетеңдікті бұзуына жол бермеді. Егемендер «идеологиялық соғыс» жағдайынан «Қасиетті одақ» жағдайына қайтып оралды: қазіргі өкімет билігіне қарсы бүліншілік бұрын да өкініш туғызатын болса, енді оны тіпті бәсекелес мемлекеттердің үкіметтері мен билікшілері де қатты жазғыратын болды. Ішкі жік, алалық салдарынан күні ертең жауласып кететін мемлекеттер болса да, солардың барлығының да әлсіреуінен қазіргі өкімет билігінде тұрғандардың тұрақтылығы жоғары бағаланды.
Қазір біз өзінің тезистерін талқылап отырған автор жоғарыда келтірілген ескертпелермен, толықтырулармен, бәлкім, келісер де. Оның тұжырымдап берген алты ережесін өздерін парасаттылықта ұстап, оның үстіне мінсіз көп полюсті жүйеде (balance of power) әрекет етіп жүрген тұлғалар сақтар да еді. Бірақ осы ережелер мінсіз жүйелер үшін жарамды деп ойлағанның өзінде, мен оларды ылажсыздықтан қабылдап, мойындай алмаймын. «Таза дипломаттың» ісәрекеті тек қана тепетеңдік деген ұғыммен анықталмайды және анықталуға тиісті емес; өйткені осы тепетеңдіктің өзі жалпы монархиядан бас тартуды және оқиғаға қатысушы негізгі тұлғалардың көп болуын көздейді. Экономикалық субъектілердің ісәрекеті теориялық жағынан алғанда шынында да қалыптасқан базарға қарай анықтанады; өйткені әркім өз тауарын өткізгісі және одан барынша көп пайда тапқысы келеді.
Бірақ дипломатиялық субъектілердің көп полюсті тепетеңдік жүйесіндегі көздейтін мақсаты бірдей емес: бірақ басқа жағдай бірдей болып тұрғанының өзінде әрбір субъект дәл осы тұста да, әрине, ресурстардың неғұрлым көп болуын қалайды; ал енді ресурстарды көбейту үшін күресу немесе одақтарды кейін серпіп тастау талап етілетін болса, ондай тәуекелге бару керек пе, жоқ па, ол мұны әлі шешуге тиісті болады. Белгілі бір жүйені сақтау үшін оған қатысушы негізгі тұлғалардың қолдауы қажет болады, бірақ олардың әрқайсысы да жүйенің қызмет істеуін өздерінің белгілі бір мүдделерінен жоғары тұрады деп қарауды міндетті деп санамайды. Мемлекеттердің негізгі мақсаты жүйені сақтап қалу деген тұжырымды үнсіз мойындаудың өзі тіпті орағытқан жолмен болса да күшқуат саясатын жақтайтын кейбір теоретиктердің қателігіне қайтып оралу, яғни, бір жағынан, күш пен құралдардың есебін, былайша айтқанда, шешім қабылданған кездегі ахуалды, ал екінші жағынан, мақсаттың өзін шатастыру деген сөз болып шығады. Белгілі бір қалыптасқан жүйені талдау негізінде дипломатиялық оқиғаларды күні бұрын болжап білу немесе жүйенің тұрпатына тікелей тәуелді болатын ісәрекетті өкімет орындарына бұйыру мүмкін емес.
Көп полюсті тепетеңдіктің үлгісі тарихи тұрғыдан жүзеге асырылған жүйелерді түсінуге көмектеседі, ал біздің американдық автордан алған ережелеріміз осындай жүйелердің біреуінің ұзақ уақыт өмір сүруіне игі ықпалын тигізетін жағдайлардың болуын көздейді. Қатаң түрдегі «ұлттық мемлекеттер» өздері бірінбірі бәсекелес деп санайды, бірақ олар өлердей жау емес: олардың билеушілері көрші мемлекеттердің өкімет орындары тікелей өздеріне қауіп төндіріп тұр деп ойламайды; кезкелген мемлекет қандай да болсын басқа мемлекеттің ықтимал одақтасы болып табылады, бүгінгі қарсылас кешірім жасауға лайық, себебі ол күні ертең әріптес болуы мүмкін немесе жүйелердің тепетеңдігі үшін қазірдің өзіндеақ қажет. Мұндай жүйедегі дипломатия ақиқатқа бейім, кейде тіпті аярлығы да бар, бірақ әрдайым саябыр және ақылойға жүгінгіш. Сондықтан күндердің күнінде кенеттен дауыл соққандай, аспаннан пәле жауғандай болып, басқа бір пішімді дипломатия тап келсе, бұрынғы, қақсоғы жоқ, келісті дипломатияға жұрт жылап көріскендей ақ болар.