РефератыҚазақша
Көп полюсті және екі полюсті жүйелер
≈ 1 мин чтения

Сыртқы саясат дегеніміз өздігінен алғанда күшқуаттың саясаты деген сөз, power politics. Сондықтан тепетеңдік (balance) деген ұғымнан атом ғасырына дейінгі (бәлкім, сол ғасырдың өзін қоспағанда) халықаралық жүйелердің барлығына қолданылады. Алдыңғы тарауда біз күштердің яғни мемлекеттердің қарауындағы қысым жасау және күштеу құралдарының жиынтығы мен қауымдастық ретінде қарастырылатын мемлекеттердің күшқуаты солардың басқа мемлекеттерге ықпал ету қабілеті арасындағы айырмашылықты қарастырғанбыз. Сондықтан біз күшқуат саясаты мен күштердің тепетеңдігі жайында еркін сөйлегенбіз.
Бірінші ұғымның мәнісі мемлекеттер арбитрді де, трибуналды да, олардың өз еркінен жоғары тұрған заңды да мойындамайды деген сөз; демек, олардың өмірі мен қауіпсіздігі тек өздерінің немесе өз одақтарының арқасында қамтамасыз етіледі. Ал енді мен күш қуат тепетеңдігі дегеннен гөрі күштердің тепетеңдігі жөнінде көбірек айтқым келетін болса, оның себебі – күш қуаттан гөрі күштерді өлшемге келтіру жеңіл болатындықтан. Алайда күштерді тек шамамен ғана теңдестіруге болуын болса, күшқуатты теңдестіру де дәл сондай шамалас мөлшерде ғана мүмкін болады. Егер де өзінің мүмкіндіктері «бәсекелестерінен әлдеқайда басым болмаса, бірдебір мемлекет басқаларға өзінің өктемдігін жүргізе алмайды, тек сондай басымдық болғанда ғана бәсекелестері өздерінің қарсылығынан пайда жоғын күні бұрын біліп отырады.