РефератыҚазақша
ӨКІНІШ ӨЛЕҢІ
≈ 1 мин чтения

Құштарлық пен қос өрлік болып егіз,
Шыға алмасақ сезімнің көгіне біз,
Саған берік байланған жырымды емес
Құлындай жүрегімді желіден үз.
«Естеліктер қаладыау енді ескіріп,»
Оңашада мұңайма сен кешкілік.
Мені ойдың тағынан құлатам деп,
Түнгі сырың қалмасын желге естіліп.
Ащы өмірді жіберген сүйікті ғып,
сезім үшін самғайды биікке үміт.
Сүймеу деген сөз емес,
Өткеніңді ұмытуға тырысу, сүйіп тұрып.
Құлазыған көңілге көктем керек,
Жалғыз өте алмайтын өткелдер көп.
Бәрінбәрін ұғарсың іңкәрлігің,
Өкініштің шанағын шерткенде кеп