РефератыҚазақша
«Кездесу» өлеңі
≈ 1 мин чтения

Тәңіртау, күншілдер қояр ма күндеуін,
Бәрібір өзіңсің қырдағы ән.
Асқақтық сорың боп жүргенін,
Білмейді бұл ғалам.
Жалғызбын дейсің ғой, мұң сол ма,
Жасытқан ол мені бұрыннан.
Соншама биік боп тұрсаң да,
Көз жазып қалдың ба жұбыңнан?
Сенікі үлгісі паңдықтың,
Менікі пенделік Жердегі.
Гүл терген төбеңнен ән күттім,
Айыптай көрмеші сен мені.
Тұманқыз әлі күн арбай ма,
Мұнартып, содан соң жақын кеп?
Киелім, сен жаздың маңдайға,
Ел мені таныса ақын деп.
Аспанға жүретін әмірі,
Бұлтыңа күн болып тығылдым.
Өлмейтін жыр берген Тәңірі
Өр мінез өзіңнің қызыңмын.
…Наз айтып кешіккен құстарға,
Сұрадым жанымның жарығын.
Тәңіртау Тұманын құшқанда,
Қарсы алдым күлімдеп Тауұлын!