РефератыҚазақша
Психоанализ және дзен-буддизм
≈ 2 мин чтения

Дзен-буддизм мен психоанализді салыстыра қарастыру арқылы біз адам табиғатының теориясы мен адамның жолы болуына сеп боларлық практиканы қамтитын екі жүйені талқылаймыз. Екі жүйенің әрқайсысы шығыс және батыс ақылойының өзіне тән көрінісі болап табылады. Дзен буддизм — Үндістанның рационалдығы мен абстрактілігінің, Қытайдың нақтылығы мен релизімнің синтезі. Психоанализ, Дзеннің тек қана Шығысқа тәндігі сияқты, Батыстың төлтумасы: психоанализ — батыс гуманизмі мен рационализмінің төлі, сондайақ, рационализм қамти алмаған қара күштерді іздейтін 19ғасыр романтизмінің де жемісі. Егер алыс тарихқа көз жіберетін болсақ, адамды ғылыми терапевтік тұрғыдан қарастыратын бұл ілімнің рухани қайнарлары грек даналығы мен еврей этикасында жатыр. Психоанализ бен Дзеннің бірдей дәрежеде адам табиғаты мен оның трансформациясының практикасымен айналысатынына қарамастан, екеуінің ұқсастығынан гөрі, айырмашылығы басым сияқты көрінеді. Психоанализ — өз мәтінде діннен тысқары, ғылыми тәсіл. Дзен — «нұр сипаттылыққа» жетудің теориясы мен техникасы, Батыста діни немесе мистикалық деп аталуы мүмкін ілім. Психоанализ — психикалық дертті емдеу, ал дзен — рухани тазарудың (аман қалудың) жолы. Осы екеуінің өзара қарым қатынасы туралы пікірталас осынша ұшқары, аттап өтуге болмайтындай қайшылықтарды мойындаудан гөрі үлкендеу мұратқа жеткізуі мүмкін бе? Әйтсе де, психоаналитиктер тарапынан дзенбуддизмге қызығушылық артып келе жатқаны даусыз. Мұндай қызығушылықтың түптамыры қандай? Бүл еңбектің мақсаты — осы сауалға жауап табу. Дзенбуддизмнің толық сұлбасы менің білігім мен тәжірибемнің аясына сиыңқырамайды. Психоанализдің толық қалпы да бұл мақала ауқымынан тыс тұр. Әйтсе де, еңбегімнің бірінші бөлімінде психоанализдің дзенбуддизмге қатысы барлығын түсіну үшін тікелей қажет тұстарына мүмкіндігінше тоқталғым келеді. Сонымен бірте, Фрейдтік анализді (мен оны кейде «гуманистік психоанализ» деп атаймын) дамытудың көрінісі сияқты, ілімнің негізгі ұғымдары да айтылмақ. Сол арқылы мен дзенбуддизмді зерттеудің өзім үшін неліктен өмірлік мәні болғанын, өз ойымша, мұның психоанализді үйреніп жүргендер үшін неліктен маңызды екенін көрсеткім келеді.