РефератыҚазақша
ШІЛДЕХАНАДА, ТҰСАУ КЕСЕРДЕ АЙТЫЛАТЫН БАТА
≈ 1 мин чтения

Жас ұрпақ өмірлі болсын, Тұрмысы көңілді болсын. Атаанаға мейірлі болсын, Ағайынтуысқа мейірлі болсын, Өнеге, білімге зейілді болсын. Тұла бойы тұнған өнер болсын, Он саусағы майысқан шебер болсын. Ел қорғайтын батыр болсын, Шындықты айтар ақын болсын, Халқым деген жүрегі болсын, Жұртының қамқор тіргегі болсын. Абыройы өрлесін, Ел алдында ерлесін. Бейнет істеп терлесін, Жаманшылық көрмесін.