РефератыҚазақша
Ұстаз туралы шығарма 4 сынып
≈ 2 мин чтения

Адамның адам болып қалыптасуында атаананың қызметi қандай болатын болса, ұстаздың да еңбегiн одан кем деуге, әсте болмайды. Өз басым, тiптi, ата анадан да ұстаздың бейнетi көпау деп ойлаймын. Себебi, сәби болсын, балдырған болсын, бәрiнiң қалыптасу кезеңi негiзiнен, мектепте белең алады. Оның хат танудан бастап дұрыс сөйлеуi, жүрiстұрысы, кiсiлiкке қалыптасуы, адаммен қарымқатынасы, бәрiбәрi ұстазына елiктеуден, ұстазы берген тәрбиеден бастау алса керек. Менiң осы пiкiрiме қатысты данышпандардың ойпiкiрлерi де жетерлiк. Солардың бiрекеуiне тоқтала кеткенiмiз жөн сияқты. Ұлы Абай «Адамның адамгершiлiгi жақсы ұстаздан болады» десе, «Мұғалiм – зор тұлға, ол күннiң құдiреттi сәулесi iспеттi», дептi атақты К. Ушинский. Ал, жарты әлемдi жаулаған Александр Македонский болса, «Мен өзiмнiң ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспiн, әкемнен өмiр алсам, ал Аристотельден өмiрiмдi жақсы өткiзу туралы бiлiм алдым», дейдi. Мiне, байқадыңыздар ма, адам тәрбиесi туралы мәселенiң түптөркiнi ұстаздарға келiп тiрелiп жатыр. Әлем бiлетiн Әуезовше айтқанда, «Ұстаз – ұлағатты есiм». Ол қиындығы көп, жауапкершiлiгi одан да асып түсетiн, ұлан ғайыр бiлiмдi, тәлiмдi тәрбиенi, майдай жұмсақ мiнездi қажет ететiн мамандық. Егер осы айтылғандар ұстаздың бойында болмаса, ол шәкiртiне қандай бiлiм, нендей тәрбие бермек. Сондықтан да ұстаз болу үшiн үлкен батылдық керек. Батыл адам ғана өзгенi өз дегенiне көндiре алады, сөзiне иландыра бiледi. «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»,«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», «Шәкiртсiз ұстаз – тұл» деген мақалдар сол ардақты адамның, адам тәрбиешiсiнiң ақадал еңбегiне берiлген халықтың үлкен бағасы болса керек. Қазiр сексеннiң сеңгiрiне шығып отырған Жадырасын Күзенов ақсақал осы бiр қиындығы мол, бейнетi зор ұстаздық мамандықты таңдапты. Ол «Ұстазымның ақадал еңбегiне ризамын» деген сөздi аузынан тастамайды. 1933 жылы Қызылорда облысының Жалағаш ауданындағы «Таң» колхозында дүниеге келген Жадырасын өз ауылында 7 жылдық мектептi бiтiрiсiмен «Мақпалкөл» деген елдi мекенге барып, мектепинтернатта 2 жыл, аудан орталығына келiп №53 мектепте бiр жыл оқып, не керек, орта мектептi тәмәмдайды.